Жасыл өскіндері бар картопты неге жеуге болмайды?
Жасыл өскіндері бар картопты неге жеуге болмайды?
8 жыл бұрын 3847 inform.kz yvision.kz

Алайда, ол болмашы ғана мөлшерде болғандықтан ағзаға ешқандай әсер етпейді. Картопты дұрыс сақтамаса, ол жасыл түске ене бастайтындығын бәріміз білеміз. Дәл осы жасыл қабатта тіпті қайнатқанда да бұзылмайтын улы соланин жинақталады.

Алқа тұқымды өсімдіктердің барлығы, сонымен қатар, картоп та соланин деп аталатын улы заттан тұрады. Ол тұқымды паразит саңырауқұлақтардан қорғап тұратын зат. Тіпті, піскен картоптан да оның іздерін табуға болады. Егер сондай картопты жесе, адам қатты уланып қалуы мүмкін: ауызда ащы дәм пайда болады, адам лоқсып, құсып, іші ауырады. Ал одан да қиын жағдайда кеңістікте бағыттан жаңылысу пайда болады. «Меңдуана жегендей құтыру» (алқа тұқымдыға жататын меңдуананың құрамында да соланин бар) деген тіркес осы соланинмен уланған адамның тұрпайы жүріс-тұрысын сипаттайды. Картоптың жасыл қабатын тұқымның тек төрттен бір бөлігін алып тұрса ғана кесіп алып тастауға болады. Ал одан көп бөлігі зақымданса, пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, өскіндері өсіп кеткен картоптың да құрамында соланин көп болады. Әсіресе, ең көп қоры өскіннің өсіп шыққан көзшелерінде жинақталады.
Төрттен бір бөлігі жасыл болып кеткен картопты жеуге болмайды. Ал одан аз болса, соланиннің жинақталған жерлерін міндетті түрде кесіп алып тастау қажет.

0 пікір
Мұрағат