Өзгеше экономикалық индекстер аталды
|
Ольга Лебединская есімді экономика ғылымдарының кандидаты, Г.В.Плеханов атындағы ресей экономикалық университетінің статистика кафедрасының доценті стандартты емес экономикалық көрсеткіштердің арасындағы ең танымал индексті атады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада 1986 жылы валюта құнын бағалау құралы ретінде танылған Big Mac индексі турасында сөз болып отыр. Бұл индекстің астарындағы негізгі болжам - бірдей өнімдердің құны қай жерден сатып алынғанына қарамастан бірдей болуы керек. Big Mac үшін жергілікті бағалардағы айырмашылық әділ бағамның қандай болуы керектігін көрсетеді. «Егер бұл мөлшерлеме ресми бағамнан төмен болса, онда ұлттық валюта жете бағаланбайды, егер ол көп болса, онда ол салыстырылатынға қатысты асыра бағаланады», - деп түсіндіреді экономист. Бұл көрсеткіштен бөлек, Starbucks кофе тізбегіндегі (Stars Coffee) бағасы негізінде есептелген «Латте индексі» де қолданылады. Сондай-ақ, ресейліктер арасында танымал «Оливье» және «Борщ» деп аталатын жергілікті азық-түлік индекстері де кездеседі. Экономикалық көрсеткіш бұл тарапта аталмыш салатқа қажетті азық-түлік бағасымен өлшенеді. «Көк тіреген ғимарат индексі» де барын біреу білсе, біреу білмес. Айрықша индекс авторы Ендрю Лоуренстің айтуынша, зәулім ғимараттар «қарқынды құрылыс» кезінде пайда болады: процесс құлдырау кезінде жалғасады және дағдарыстың басталуымен аяқталады. Осы экономикалық индекстер арасындағы «Ерлер іш киімі» көрсеткіші елдің әл-ауқатын нақты көрсететіні күмән тудырса да қолданылатын индекстер қатарында тұр. Авторы - Роберт Крулвич, яғни, осы индексті ойлап тапқан адам. Оның айтуынша, ерлер іш киімді салыстырмалы түрде сирек сатып алады, алайда, тұрақты сатып алады. Іш киім саудасының төмендеуі сол елдің әлеуметтік хал-ахуалының құлдырағанын білдіреді. Осыған ұқсас «әйелдер" индексі бар - «Ерін далабы индексі», оған сәйкес қиын уақытта әйелдер ерін далабы сияқты шағын сәнді заттар мен арзан бұйымдарға көбірек ақша жұмсайды. 2001 жылы аты аңызға айналған америкалық Estee Lauder (Эсте Лаудер) корпорациясының басшысы Леонард Лаудер бұл теорияны одан ары дамытты: қызыл далаптың саудасы қызып шарықтаса, бұл құбылыс дағдарыстың жақын қалғанын аңғартады. Сән индустриясында тағы бір кқрсеткіш үлгісі пайда болған еді: қолтырауын терісінен жасалған аксессуарлардың, киімдер мен аяқ киімдердің саудасы толығымен ауқатты клиенттердің төлем қабілеттілігіне байланысты. Экономикалық ахуал неғұрлым төмен болса, қолтырауын терісінен әзірленген заттар мен бұйымдарды дәулетті клиенттердің өзі сатып ала алмайды.