Өткен жылғы әлемдегі зілзала немесе жер сілкінісі туралы аз-кем мағлұмат
Өткен жылғы әлемдегі зілзала немесе жер сілкінісі туралы аз-кем мағлұмат
4 жыл бұрын 2532 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2020 жылы әлем бойынша магнитудасы 4 балдан кем түспеген 13 654 зілзала болыпты. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ-тың геологиялық зерттеу орталығы (USGS) келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жыл сайын күллі әлемде дүмпу күші әртүрлі 500 мыңға тарта жер сілкінеді. Оның шамамен 100 мыңы сезіледі, ал тағы 100 мыңы қирататын қуатқа ие. Өткен жылдың шілде айының 22-сі күні аса қуатты жер сілкінісі Аляскіде орын алыпты - 7,8 балл. USGS сарапшыларының мәліметінше, бүгінде сейсмикалық стансалардың қарасы көбейіп келеді, әсіресе, сейсмикалық белсенділігі жоғары өлкелерде. Мәселен, 1931 жылы әлем бойынша бар-жоғы 350 зілзаланы болжау орталығы болса, бүгінде олардың  қарасы мыңнан асып кеткен. Жалпы алғанда зілзала үш категория бойынша жіктеледі: тектоникалық, жанартаулық және көшкінді. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі – тектоникалық зілзала. «Тынық мұхитының отты сақинасы» деген атпе танымал Тынық мұхитының отты белдеуі жер бетіндегі аса қуатты зілзалалардың аймағы саналады. Аталмыш аймаққа әлемде жыл сайын орын алатын зілзалалардың 90 пайызы және аса қуатты жер сілкінісінің 81 пайызы тиесілі. Бұл аймақта әлемдегі белсенді жанартаулардың шамамен 75 пайызы орын тепкен. Өткен жылы аса қуатты (7 балдан кем емес) 9 зілзала осы аймақтаболған екен. Ал ең қуатты жер сілкінісі 1960 жылы Чили аумағындағы Мальдивте орын алған – 9,5 балл. Сондай-ақ, АҚШ геологиялық қызметінің мағлұматы бойынша зілзала жиі болатын екінші аймаққа Альпі-Гималай сейсмикалық белдеуі жатады: жыл сайын әлемдегі жер сілкінісінің 5-6 пайызы осы аймақта болып тұрады. Соңғы рет ең қуатты жер сілкінісі Индонезияның Суматра аралында 2004 жылы болыпты – 9,1 балл.

0 пікір
Мұрағат