Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады
|
Орман-тоғай жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне себеп болып отырған, адам әрекеті салдарынан атмосфераға бөлінген көміртекті сіңіріп қоймай, сонымен қатар, бұлттардың түзілуіне әсер етіп, планетаның салқындауына жағдай жасайды. Егер жерде орман-тоғай болмаса, жердегі атмосфера температура 15%-ға жоғары болар еді. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың тұжырымдауынша, орман-тоғай осылайша жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күресте маңызды рөл ойнайды. Мамандар бұл тұжырымға спутниктік бақылау мен қадағалау нәтижесінде келіп отыр. Жасанды жер серігінен алынған мәлімет бойынша жер шарының үштен екісінде орман-тоғай төменгі бұлттардың түзілуіне ықпал етеді. Әрбірден соң жылдың барлық мезгілінде өңін бермейтін қылқан жапырақты орман-тоғайдың бұлттардың түзілуіне тиімді ықпал ететінін анықталып отыр. Естеріңізде болса, осыдан бір ай шамасы бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0) материалымызда Еуропа аумағындағы ауыл шаруашылық жерлерін орман-тоғайға айналдыру жылына орташа есеппен жауын-шашынды 7,6%-ға арттырып отырғаны турасында айтып өткенбіз. Десе де соңғы жылдары әлемдегі аса ірі орманды алқаптардың Амазония, Сібір, Австралия ормандарының өрт құшағында қалуынан, әлі шаласы басылмаған Түркиядағы, Грекиядағы, Италиядағы, Израилдегі орман өрті мен Индонезия мен Африка құрлығындағы тропикалық ормандардың жаппай оталуы салдарынан орман-тоғай аумағы айтарлықтай азайып келеді. Сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан бес ай бұрын жарияланған «17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0) материалымыздағы дерек жылдан жылға артып келеді. Орман өрті кезінде атмосфераға бөлінген көміртек газынан әрі өрттен биологиялық әралуандылыққа келген зиян мен залалдың орны толуы үшін жүздеген жылдар кетеді.
Ұқсас материалдар:
«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);
«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);
«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» ( https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);
«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0)
«Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-ormandy-armiya-qorgaityn-boldy-15436/#gsc.tab=0)