Нейрожеліге қойылған әрбір сауал экология мен экономикаға орасан зор залал келтіреді
Нейрожеліге қойылған әрбір сауал экология мен экономикаға орасан зор залал келтіреді
2 ай бұрын 1341 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде (AI) жүйелерінің жұмысына қолдау көрсететін дерек орталықтарының энергия тұтыну мөлшері алаңдатарлық деңгейге жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Washington Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шаолей Реннен есімді Калифорния университетінің ғалымы бұл бағытта есеп жүргізуді ұсынып отыр. Оның пікірінше, ChatGPT-ке 100 сөзден тұратын бір ғана сұрақтың өзінен серверлерді салқындатуға бір шөлмек немесе құты су және бір сағат бойы 14 жарықдиодты шамды қосқандағыдай электр қуаты кетеді. Нейрожелілердің энергия тұтыну ауқымын нақтырақ әрі тереңірек түсіндірейік: әлемге әйгілі Microsoft компаниясы дерек орталықтарының жұмысын жандандыру үшін «Three Mile Island» атом электр стансасының жұмысын қайта қалпына келтіруге мәжбүр болып отыр. 1979 жылы Америка құрама штаттарының тарихындағы ірі апат орын алып, өз-өзін ақтамайтын болған соң 2019 жылы жабылып тынған аталмыш АЭС-ті Microsoft компаниясы қайта ашуға бел буып отыр. АІ технологиясына қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін. Дерек орталықтары жұмыс істегенде үлкен көлемде жылу шығарады, яғни, қызып кетеді, сондықтан оларды салқындату үшін пропорционалды су қажет немесе желдеткішті іске қосу үшін электр қуаты қажет. Егер 10 америкалықтың біреуі ғана ChatGPT-ті аптасына бір рет пайдаланса, бұл жылына 435 000 тонна су мен сағатына 121 517 МВт электр энергиясын қажет етеді. Бұл арада мысалға тек бір ғана ел алынып отыр – жаһандық ауқымдағы шығындар мөлшерін көзге елестетудің өзі қорқынышты. Сарапшылардың есебінше, АҚШ-тағы дерек орталықтарының энергия тұтынумөлшері 2030 жылға қарай 35 ГВт құрайды, бұл көрсеткіш 2022 жылғыға қарағанда екі есе көп. Қолданыстағы және жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалана отырып, бұл өсу үстіндегі энергияға қажеттілікті өтеу мүмкін емес, өйткені, олардың әлеуеті шектеулі және ақпаратты өңдеу орталықтары үздіксіз және тәулік бойы жұмыс істеуі керек. Атом электр стансалары жалғыз сенімді энергия көзі болып қала береді. Көптеген жетекші америкалық компаниялардың (мысалы, Amazon)  атом электр стансаларының жанында жаңа дерек орталықтарын орналастыруы осы сөзімізді растай түседі, ал Швецияда технологиялық компаниялар арасында жаңа тұтынушылар үшін шағын модулдік реакторларды орнатуды қарастыруда. Бұл энергия көзінен Microsoft та шет қалмады - Three Mile Island атом электр стансасының қожайыны Constellation Energy компаниясымен 20 жылдық келісімге отырды. Келісімге сәйкес аталмыш компания қуаты 837 МВт болатын екінші энергоблокты қайта іске қосуы керек. Күн сайын асқынып немесе тереңдеп бара жатқан мәселеге айналып келеді: нейрондық желі алгоритмдері әлі де өте тиімсіз және есептеуі үшін шектен тыс электр қуатын қажет етеді. Оны да үнемі арттыру қажет. Осы орайда «AI жүйелерін пайдаланудың қаржылық пайдасы оны іске қосу шығындарынан қай кезде асып түседі?», деген сауал туындайды.

0 пікір
Мұрағат