Мыңдаған танымал сайттың пайдаланушы туралы ақпараттарды жинайтыны анықталды
Мыңдаған танымал сайттың пайдаланушы туралы ақпараттарды жинайтыны анықталды
3 жыл бұрын 1221 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы интернеттегі әрбір оныншы танымал сайттың пайдаланушының келісімінсіз, тіпті, ешқайда жөнелтпеген деректеріне дейін жинайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы wired.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай «ұрлықты» сайттар кейлоггер принципі бойынша жұмыс істейтін технология көмегімен іске асырады. Бұл тарапта Белгия, Нидерланды және Швейцария ғалымдары 100 000 танымал сайтты сараптамадан өткізген екен. Олардың 1844-і пайдаланушының келісімінсіз, тіпті, деректі жіберуі тиіс жеріне жөнелтпей жатып жинаған. Сайттардың дені апараттарды тікелей жинамайды, пайдаланушының профилін қалыптастыра алатынн маркетингтік және аналиткалық сервистерді пайдаланады. 2021 жылдың мамыр айында ғалымдар сайттарды құпия сөз бен санның (паролдің) жылыстауына қатысты тексеруге жүргізгенде үшінші жақ паролді жөнелтпес бұрын деректер жинаған 52 сайтты анықтаған болатын. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Радбоуд университетінің цифрлы қауіпсіздік тобының ғылыми қызметкері Гүнеш Акардың айтуынша, сайттар деректерді интернет пайдаланушысы пернетақтада тергенін түгел жазып алатын зиянды бағдарлама – кейлоггерге ұқсас құралдың көмегімен жинайды. Тіпті, кей сайттар пернатақтада әрбір басылған әріпті тіркеп отырған, көбісі пайдаланушы келесіге өткен кезде өрістің толық деректерін басып алатын болған. Осы зерттеуге қатысқан KU Leuven-дегі құпиялық зерттеушісі Асуман Сенолдың сөзіне қарағанда, кейбір жағдайларда келесі өрісті басқан кезде олар алдыңғысынан ақпаратты жинайды, ал құпия сөз өрісін басқан кезде электрондық поштаны сақтайды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ақпаратыңыз қолды қылудан сақтану үшін жөнелту түрінде деректерді жою жеткіліксіз, осыған байланысты ғалымдар LeakInspector деп аталатын Firefox кеңейтілген нұсқасын жасады.

0 пікір
Мұрағат