Микробтар мыңдаған шақырым қашықтыққа дейін ұша алады
Микробтар мыңдаған шақырым қашықтыққа дейін ұша алады
3 ай бұрын 1782 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бактериялар мен саңырауқұлақтардың атмосфераның жоғары қабатында шаң тозаңымен бірге 2000-нан аса шақырым қашықтыққа дейін ұша алатыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қытайдан Жапония аумағына дейін ұшып барған микробтар күншығыс елінің үстінен – 3000 метр биіктіктен табылды. Ғалымдар Cessna ұшағында Жапониядан 1000-нан 3000 метрге дейінгі биіктікте осы мақсатта он мәрте ұшу арқылы Азия құрлығынан келетін жел ағындарын қадағалап, ауа үлгілерін жинады. Талдау нәтижесінже 266-дан астам саңырауқұлақтың және 305 бактерия табылған. Мыңдаған шақырымға ұшса да олардың көпшілігі өміршең болып шыққан. Зерттеушілер бактериялар мен саңырауқұлақтар кездесетін аэрозолден мырыш пен калий сульфаттарының іздерін тапты. Бұл элементтер ауылшаруашылық тыңайтқыштары мен пестицидтерде қолданылады. Зерттеушілер ауа ағындары мен ауа үлгілерінің құрамын талдап, микробтар Жапонияға Қытайдың солтүстік-шығысынан ұшып келген деген қорытындыға келді. Белгілі болғандай, микроорганизмдер тыңайтқыштармен, пестицидтермен араласқан шаң иозаңымен көкке көтеріліп, содан кейін «тропосфералық көпір» деп аталатын, әлемнің түрлі аймақтарын байланыстыратын ауа ағындары арқылы ұзақ қашықтыққа тасымалдады. «Сахатшы» микроорганизмдер өміршең болып қана қоймай, сонымен қатар, адамдар мен жануарлардың ленсаулығына, өсімдіктерге айтарлықтау қауіп төндіретінін, дәлірегі, жұғатыны анықталды. Мәселен, шаң-тозаңға ілесіп келген Micrococcus luteus бактериясы антибиотикке төзімді болып шықты. Бұл бағыттағы жаңалық микроорганизмдер тарапынан өзге тіршілік иелеріне төнетін қауіптің деңгейін бағалауға, микробтардың таралу аумағын саралауға, одан қорғану жолдарын іздестіруге мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат