«Мен намаз оқығым келеді»: емханада қарт пациент медицина қызметкеріне имам болды
«Мен намаз оқығым келеді»: емханада қарт пациент медицина қызметкеріне имам болды
33 минут бұрын 59 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Каир қаласының оңтүстігіндегі Хелуанның күтім көрсету бөлімшесіндегі әсерлі көрініс әлеуметтік желілерде кеңінен қолдау тапты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 81 жастағы қарт науқас ақшам намаз оқығысы келетінін әрі намазда өзі имамдыққа тұрғысы келетінін жеткізген. Пайғамбарымызбен аттас қария емханаға ақыл-есінің ауытқуынан және қимыл-қозғалысы қиындаған соң тап болған екен. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол Құдайға құлшылық етіп, қасиетті Құранды оқуға талпынды. Бір күні ол медицина қызметкері Әлі Мұхаммед Резеге: «Мен құдайға сиынғым келеді», - деді. Жүріп-тұруы қиын қарт науқасты мешітке апару мүмкін болмағандықтан Әли онымен бірге намаз оқуға уәде берді. Ақшам уақыты кііргенде жас жігіт оған намазда жетекшілік етуін өтініп, өзі оның артында тұрып имамға ұйыды. Намаз 20 минутқа жуық уақытқа созылды. Ол бір кезде орындықты жылжытып, cәждеге жығылды. Әли дереу оның алдына жайнамазды төседі. «Ол қимылдауға, ғибадат етуге, Жаратқанға жалбарынуына құқығы бар», деп түсіндірді қарт науқастың әрекетін. Осылай деген ол медициналық жәрдем тек науқастың денсаулық жағдайын ғана емес, сонымен қатар, аадами әрі рухани қажеттіліктерін де ескеру керектігін алға тартты. Ол қартпен бірге намаз оқығанын танымал болу үшін емес, пациентке деген адами қатынасты сақтауды әрі кеңесші дәрігерге көрсету үшін таспаға тартып алғанын түсіндірді. Алайда, оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде тез тарап, интернет пайдаланушылар тарапынан жылы лебіз білдіргендер қарасы көп болды. Тіпті, бұл жайт Мысыр медбикелер кәсіподағына да жетіп, Әліні ізгі қарым-қатынасы үшін марапаттамақ. Әлі білімін жалғастыруды, бакалавр дәрежесін алуды армандайды.

0 пікір
Мұрағат