|
Өзбектер алимент төлеудің мүлдем тың жүйесін енгізеді
|
Алимент ақшасының мөлшерін ажырасқан ерлі-зайыптылардың немесе ата-ананың жалақысының мөлшеріне қарап белгілеп қоймай, сонымен қатар, баланың қажеттілігіне кететін шығынына қарап есептейтін жүйеге көшеді Өзбекстан. Бұл жайында islam.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлі талқыланып жатқан заң жобасы бойынша алимент төлемінің мөлшерін тек ата-ананың ресми жалақысына қарап белгілеп қана қоймай, сонымен бірге, баланың керек-жарағы мен өзге де қажеттілігіне жұмсалатын шығын көлеміне қарай есептеледі. Осылайша алимент төлемін есептеудің мүлдем тың әдісі қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, балаларға арналған ең төменгі тұтыну қоржынын олардың жасын ескере отырып анықтау бамтамасы көтерілді. Оның негізінде алименттің ең төменгі мөлшерін есептеуге болады. Бүгінде Өзбекстанда алимент жалпы жағдайда ата-ананың табысына байланысты: бір балаға табыстың төрттен бір бөлігі, екі балаға - үштен бір бөлігі, үш және одан да көп балаға - табыстың жартысы өндіріліп алынады. Мұндай жүйе кезінде төлемдердің мөлшері ресми табыспен тікелей байланысты. Егер ата-ана аз кіріс көрсетсе, алимент сомасы да төмен болуы мүмкін. Бұл қаражат баланың негізгі шығындарын өтеуге де жетпей жатады. Бұл тақырып Қазақстан үшін де өзекті.