Медициналық туризм дегеніміз не
Медициналық туризм дегеніміз не
6 жыл бұрын 7486 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта медициналық туризм сәнге, дәлірегі, қажеттілікке айналды. Туризм саласы көп. Танымдық, діни (соның ішінде қажылық), мәдени, демалу, спорттық, т.б. Соның ішінде кейінгі кезде медициналық туризм өркен жайып келеді. Бұған әлемнің әр түкпіріндегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы себеп болып жатады. Қай елде медициналық қызмет ақысы арзан әрі сапалы, сол елдің медициналық қызметіне жүгінетіндер қарасы көп болатыны белгілі. Ең бастысы, диагнозды дәл қойып, пациенттің сырқатын дөп басып айтататын әрі ауруынан айықтыратын білікті денсаулық сақтау мамандар медициналық туризмнің жандануына себеп болып жатады. Десе де бұл туризмнің ішінде санаториялық-курортты және пластикалық ота жасату салаларының бәсі жоғары болып тұр. Десе де шетелге денсаулығын оңалту үшін шығатындар мынаны қаперде ұстағаны жөн: әр елдің климаты әр түрлі. Сол себепті, климаттың күрт өзгеруінен және уақыт ендігіне байланысты иммунитеті әлсірейді. Әсіресе, ота жасатуға барғандар мұны ескергені жөн. Отадан кейін адамның оңалуына кейде ұзақ уақыт кетіп жатады. Сусамырмен ауыратындар аптап ыстық орнаған елдерге бармауға кеңес беріледі. Әр елдің тамақтану мәдениеті мен тамақ рационына да мән берген дұрыс. Емделем деп барып, ауру үстіне ауру жамап алып жүрмеңіз - асқаныңызды бүлдіріп. Ең басты қиындық - сол елдің тілін білу. яғни, өзіңізді емдейтін дәрігермен еркін тілдесе алатындай болу мүмкіндігін қарастырыңыз. Аудармашы жалдайсыз ба, бұл мәселені басқаша жолмен, мәселен, сол елде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің көмегіне жүгінесіз бе, бұл жағын да ескеріңіз. 

0 пікір
Мұрағат