Мароккалықтар суды тұманнан алады (фото)
Мароккалықтар суды тұманнан алады (фото)
2 жыл бұрын 2127 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Солтүстігін Жерорта теңізі, батыс жағалауын Атлант мұхиты шайып жатқан Африка құрлығындағы аталған ел жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне байланысты  құрғақшылықтан зардап шегуде. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Су тапшылығы өткір мәселеге айналған. Жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Бұл дағдарысты еңсеру үшін ел тұрғындары құнды ресурс болып табылатын тұманды пайдалануда. Марокканың оңтүстік-батысында орын тепкен Сиди-Ифни аймағы, әсіресе, Сахара шөлімен шектесетіндіктен су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Жәмила Барғаш есімді белсенді әйел бастаған топ бүгінгі таңда Чилиде, Перуде, т.б. елдерде кеңінен қолданыла бастаған өзгеше технологияны пайдалану жолдарын қарастырады. Бұл арада тұманнан су өндіру әдісі турасында сөз болып отыр. Жәмила Барғаштың айтуынша, аталған өңірде жылына орташа есеппен 143 рет тұман түседі. Бұл табиғи құбылыс жергілікті аймақтың географиялық орналасу ерекшелігімен байланысты. Мұхит ағындарынан қалыптасатын жылы ауа Марокконың Атлант жағалауына жақын Сиди Ифни қаласын көктей өтіп, Анти Атлас тауына – тосқауылға тап болады да қалың тұманға айналады. Dar Si Hmad коммерциялық емес ұйым жетекшісі Жәмила Барғаш тұманнан су өндіру жобасына өзі басшылық етеді, алдымен, яғни, 2006-2018 жылдары 15 ауылға тұманнан су өндіретін қондырғы орнатылады. Dar Si Hmad жобасы бүгінде тұманнан су өндірудің ең ірі жобасына айналды. Бутмезгида тауының баурайында немесе сілемдерінде, 1225 м биіктікте ылғал жинау үшін үлкен торлар орнатылды. Торға ылғал булану процесінде тамшы түрінде іркіліп, осындай тәсілмен күн сайын мыңдаған литр су жиналады. Климат дағдарысын еңсеруде инновациялық шешімдерді табуға қосқан үлесі үшін аталған ұйым 2016 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан «Өзгеріс серпіні» сыйлығымен марапатталды.

Jamila Bargach

Жәмила Барғаш

Cloud fishing' reels in precious water for villagers in rural Morocco | Global development | The Guardian

Cloud fishing' reels in precious water for villagers in rural Morocco | Global development | The Guardian

0 пікір
Мұрағат