Мамандар он жылда обырдың үш түрі жоғалатынын алға тартып отыр
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жақын он жыл ішінде қатерлі ісіктің 3 түрі жоғалатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы “Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өкпе қатерлі ісігін шылым шегуден бас тарту арқылы жеңуге болатынын, өйткені, өкпе обырының пайда болуына түрткі болатын бірден-бір жалғыз себеп – темекі өнімдерін тұтыну. Екінші, бауыр обырына да қатысты осыны атауға болады – ішімдік бауырдың қатерлі ісігіне бірден бір себеп болып отырған жат әдет. Оны да осынау жат әдеттен бас тарту арқылы бауырдың онкологиялық ауруын еңсеруге болады. Ал бауырдың қатерлі ісікке шалдығуына түрткі болатын тағы бір себепке В гепатитін атқызады. Оны екпенің әсерімен бейтараптандыруға болады. Үшінші – жатыр мойын обыры; оның қоздырғышы – папиллом вирусы, оны да екпенің көмегімен залалсыздандыруға болады.
Ұқсас материал:
"Сүт безі қатерлі ісігі енді тарих еншісінде қалатын болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/sut-bezi-qaterli-isigi-endi-tarih-enshisinde-qalatyn-boldy-15522/#gsc.tab=0)