Ластанған ауадағы ең қауіпті бөлшек анықталды
Ластанған ауадағы ең қауіпті бөлшек анықталды
2 жыл бұрын 1258 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Daniel Cymbalista / Keystone Press Agency / Globallookpress.com

Германияның Мюнхен қаласындағы Гелмголц атындағы бірлестікке қарасты эпидемиология институтының ғалымдары ластанған ауадағы ең қауіпті әрі денсаулыққа ең зиянды тозаң-бөлшекті атады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған American Journal of Respiratory and Critical Care Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2010-2017 жылдар аралығында жүргізілген бұл бағыттағы зерттеу барысында немістің білікті мамандары үш қаланың ауа сапасын ұдайы тексеріп отырған. Диаметрі 0,1 микроннан аз күлдей тозаң бөлшектердің әсеріне ұшыраған адамдарда ластанған ауаны жұтқаннан кейін бес-жеті күн ішінде өлім қаупі айтарлықтай жоғарылайтыны белгілі болды. Атап айтқанда, бір текше сантиметрге 3223 бөлшектен концентрацияның артуы кезінде тыныс алу жолдарының ауруларынан өлу ықтималдығы 4,46 пайызға артқан. Сонымен қатар, мұндай нәтиже ауаны ластаушы басқа қатты заттардың (мысалы, PM 2.5) әсеріне қарамастан сақталған.

Ұқсас материалдар:

«Аэрозолдер мен көмірқышқыл газының адам денсаулығына әсері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aerozolder-men-komirqyshqyl-gazynyn-adam-densaulygyna-aseri-anyqtaldy-17626/#gsc.tab=0);

«Ауадағы қатты бөлшектерден өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auadagy-qatty-bolshekterden-olim-jitim-korsetkishi-tomendep-keledi-16044/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат