Күн мен көңді пайдаланып сутегін өндіру процесінің 600% аз энергияны қажет ететіні белгілі болды
Күн мен көңді пайдаланып сутегін өндіру процесінің 600% аз энергияны қажет ететіні белгілі болды
7 ай бұрын 812 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Чикагодағы Иллинойс университетінің зерттеушілері тек күн энергиясын және көң сияқты ауыл шаруашылығы қалдықтарын пайдаланып судан сутегін алу әдісін ойлап тапты. Аталмыш технология энергия шығынын алты есе азайтып, экологиялық таза отын мен химиялық заттарды жасауға мүмкіндіктер ашады. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта биокөмірді, құрамында көміртегі көп затты пайдаланды. Ол пиролиз, газдандыру және гидротермиялық карбонизация сияқты жоғары температурадағы карбонизация процестері арқылы түзіледі. Оны ірі өнеркәсіптік ауқымда да, шаруашылықтарда да ауыл шаруашылығы қалдықтарынан өндіруге болады. Суды сутегі мен оттегіге бөлетін электролиз электр қуатын қажет етеді. Әдетте бұл әдіс атмосфераға көмірқышқыл газының бөлетін қазбалы отынды пайдалану арқылы жасалады. Бұрын ғалымдар көміртекті қосу арқылы суды бөлуге қажетті кернеуді азайта алған еді. Алайда, бұл тәсілдің кері жағы да бар: атмосфераға көмірқышқыл газын бөледі және көмірді немесе қымбат химиялық заттарды пайдаланады. Америкалық ғалымдар мұндай қымбат әрі шығыны көп, тиімсіз әдістен құтқаратын жол іздеп, сиыр көңінен, қағаз қалдықтарынан, қарасора қалдықтарынан және қант қамысы қауызынан жасалған биокөмірдің түрлі формаларымен тәжірибе жасап көрген екен. Электролиз камерасына қосқанда биокөмірдің барлық бес түрі суды сутегіге айналдыру үшін қажетті энергия мөлшерін азайтты. Бұл тарапта сиыр көңі барынша тиімділік танытқан - алты есе аз энергия, шамамен 0,25 вольтқа дейін тұтынған. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Рохит Шауқан есімді ғалымның айтуынша, бұл процесс өте тиімді: биокөмір мен күн энергиясының 35%-ы дерлік сутегіге айналады. Бұл - әлемдік рекорд!

0 пікір
Мұрағат