Климат өзгерісі суды ішуге жарамсыз етуі мүмкін
Климат өзгерісі суды ішуге жарамсыз етуі мүмкін
3 жыл бұрын 1789 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдардың сөзіне қарағанда, осыдан 252 млн жыл бұрын Перм кезеңінде орын алған жаппай жойылудан суда улы балдыр мен микроб басып кеткен болатын. Бұл процесс жүз мыңдаған жылдарға созылған екен. Осының салдарынан судың құрамында оттегі азайып еткен. Бұл процесс бүгінде де адамның кесірінен басталып кеткен. Бұл  жайында islam.kz порталы Sciencealert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Коннектикут штаты университетінің Трейси Франк есімді маманының сөзіне қарағанда, жаһандық жылынуға, дәлірегі, ауа температурасының көтерілуіне байланысты тұшшы су көздерінде улы балдырлар көптеп пайда бола бастаған. Балдыр мен бактериялар шектеусіз көбейе алады, бұл жайт өз кезегінде суды оттегіден айырып, өлі аймақтарды ұлғайтады. Перм кезеңінде атмосферадағы көміртек газының шектен тыс мөлшері жанартауларды оятып, жаһандық жылынуға жол берген екен. Салдарынан орман өрті өршіп, ағаш атаулы жойылып кеткен болатын. Нәтижесінде топырақтың құрылымы бұзылып, судағы қоректік заттардан микроорганизмдер шексіз көбейген болатын. Орманның қалпына келуіне аттай 3 млн-дай жыл уақыт кетті. Күллі планета балдыр мен бактериялар жайлаған тұшшы су қоймасына айналды. Ол көміртекті сіңіруге қабілетті шым топырақтың қалпына келуіне кедергі келтірді. Бүгінде орман өрті жылдан жылға өршіп, ауа температурасы көтеріліп келеді. Тарих тек адамзаттың әрекетінде ғана емес, сонымен қатар, күллі жаратылыс болмысында да қайталанатын құбылыс.

0 пікір
Мұрағат