Кедейліктен құтылуға қаржылай көмектің еш пайдасы жоқ – зерттеу
Кедейліктен құтылуға қаржылай көмектің еш пайдасы жоқ – зерттеу
6 жыл бұрын 3062

Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемге танымал экономистер көмек көрсету үшін жұмсалған миллиардтаған доллардың кедейлікпен күресу үшін еш пайдасы жоқ екенін айтты. Олардың ойынша, алдымен мәселенің тамырын тауып, сонымен күресу керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Экономист ғалымдардың айтуынша, соңғы бірнеше онжылдықта қолға алынған даму шарттары көпшілік күткендей тиімді болып шықпаған.

Бүгінгі таңда жаһандық кедейлік мәселесі әлі шешімін табар емес. Қазіргі күні әлемде 4 миллиардтан астам адам күніне 5 АҚШ доллардан кем қаражатқа күн көруде. Ал ашығып жатқандар қатары күннен күнге артып жатыр. Кейбір салаларда маңызды жетістіктерге қол жеткізілгенімен, мыңжылдық басталарда алдыға қойылған мақсаттардың көбі орындалмай жатыр. Тіпті, 2015 жылға дейін атқарылуы тиіс болған жоспарлар да оған миллиардтаған доллар қаржы жұмсалғанына қарамастан, орындалмаған.

Қаржы салған инвесторлар ақшаларының әсерін көргісі келетіні ақиқат. Сонымен қатар, олар өздерінің қаржысы жұмсалған жобалардың тиімді болғанын қалайды. Ал саясаткерлер болса, керісінше, көмекке жіберілген бюджеттің қаржылық есебін өткізумен ғана шектелгенді жөн санайды. Осы ретте нәтижеге қол жеткізу үшін жобалар аудиті деген танымал термин бар екенін атап өтуге болады. «Көмектің тиімділігін» бағалау бүгінгі таңда Ұлыбританияның Халықаралық даму департаментінде де кеңінен қолданылып келеді. Яғни, бұл қай мәселеге басты назар аудару керектігін шешуге қол ұшын бере алады.

Кейбіреулер даму саласында қатты бақылау шаралары керек екенін айтып жатыр. Мысалы, медицинада бұл дәрі-дәрмектердің тиімділігі секілді жобалар спектрінің әсерін бағалаудан көрінеді.

MIT кедейлікпен күрес зертханасының экономисі Эстер Дюфло жақында Францияның көмек көрсету бюджетінде белгілі бір өзгерістер жасау керектігін, Макрон билікке келгелі бұл көрсеткіштің тым қатты артып кеткенін айтты.

Дегенмен, «тиімділікті» бағалауда жергілікті деңгейдегі шаралардың нәтижесі бар және ол қысқамерзімді келеді. Бір қарағанда, бұл тиімді әрі ақылға қонымды көрінеді. Бірақ, бұл кедейліктің макроэкономикалық, саяси және институционалдыфакторларына мән бермеуге әкеледі. Яғни, қаржылық көмек микро-нәтижеге қол жеткізеді. Бірақ, бұл проблеманы тудырған жүйені еш өзгерте алмайды. Яғни, алдымен бізге кедейліктің түп тамырымен күресіп, теңсіздік пен климаттың өзгерісі секілді мәселелерге назар аудару керек.

Мысалы, ұстаздарға еңбек өнімділігі үшін сыйақы беру білім бюджетінің не себепті қысқартылғанын түсіндіре алмайды. БҰҰ адам құқықтары мен кедейлік туралы баяндамасында әлеуметтік көмектің дұрыс бөлінуіне де мән беру керектігі айтылған. Мысалы, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған қоғам мүшелеріне қаржылық сауаты жоғары адамдарға қарағанда көбірек қаржы керек және ол қаржы мемлекеттік білім беруге қолжетімділік, денсаулық сақтау саласының тиімділігі мен кез келген қызмет алуға жеңілдік берумен өлшенгені абзал.

Сол секілді климаттың өзгеруіне әкелген құрғақтықпен күресу үшін су тазалайтын дәрі ойлап табу аздық етеді. Бұл экологиялық төтенше жағдай болғандықтан, оған мемлекеттің стратегиялық саясаты қажет. Ал ауыл шаруашылығындағы прогреске қол жеткізу үшін бай мемлекеттердің ірі өндірушілерге беретін субсидияларын азайтып, әлемді азықпен қамтуда үлкен рөл атқара алатын кіші фермерлердің жерін үлкейтіп, солардың дамуына жағдай жасау керек.

Сондай-ақ, кедей жұмысшылардың табысын көбейту үшін шағын несиелендіру қызметін дамытқан жөн. Яғни, кедейліктен құтылу үшін ара-тұра қаржылай көмек көрсетуден бұрын, халықты кедейлендіруге жол бермейтін, миллиондаған адамға пайдасы тиетін еңбек кодексін жасаған анағұрлым тиімдірек.

Яғни, кез келген салада атқарылатын жұмыстар өте көп. Біз тиімділікке мән беретін болсақ, қысқамерзімді мирожобаларға мән беруден бұрын, бізге барлық мемлекеттік саясатты өзгерткен дұрысырақ шешім болады. Бұл ретте кез келген мемлекетте ұлттық статистика басқармалараының әлі қолданылмаған көптеген мәліметтерді спутниктен алынған мәліметтермен бірге ескере отырып анализ жүргізіп, зерттеу жасау керек.

0 пікір
Мұрағат