ШҚО жас ғалымдары су тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты
ШҚО жас ғалымдары су тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты
5 ай бұрын 455 inform.kz Талғатжан Мұхаметбекұлы

Шығыс Қазақстан облысының жас ғалымдары суды тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты, деп хабарлайды Kazinform.

Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚУ жас ғалымдары облыс әкімі Ермек Көшербаевқа су тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарын өндіру технологиясын таныстырды.

ЖОО ғалымдары дәл осы жоба арқылы 338 млн теңге грант ұтып алған.

«Жоба бойынша ғалымдар суды тазартуға арналған сүзу жүйесін өндіру технологиясын әзірледі. Бұл технология графен оксидіне, табиғи бентониттермен модификацияланған көміртекті материалдар мен биополимерлерге негізделген. Мамандардың жеке серіктесі — Bolashak Energy Group ЖШС», — деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығынан.

Облыс әкімі жас ғалымдардың тың технологиясын өңірде сынап көруді ұсынды.

«Шығыс Қазақстанның шалғай аудандарын ауызсумен қамту — өзекті мәселе. Жауапты басқармаға бұл жұмысты келер жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырдым. Ондағы мамандар жас ғалымдардың осы технологиясын бір ауданда сынап көрсін. Нәтижеге қарай қалай жұмыс істейтініміз белгілі болады», — деді Ермек Көшербаев.

0 пікір
Мұрағат