Жүгіру арқылы әуеге көтерілетін құс роботы жасалды (видео)
Жүгіру арқылы әуеге көтерілетін құс роботы жасалды (видео)
Кеше 348 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцариядағы Лозанна политехникалық мектебінің (École Polytechnique Fédérale de Lausanne) инженерлері тек ұшып қана қоймай, құстар сияқты секектеп, серуендей алатын мультимодалды робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы 7ooo-ru.livejournal.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қанатты дрон жерде де, көкте де құстар сияқты еркін қозғала алады. Швейцариялық ғалымдардың қолынан шыққан бұл құрылғы секектей жүгіріп бара жатып әуеге көтеріле алады және жолындағы кедергіден аттап немесе секіріп өтеді. Бұл қимылдарының құс қозғалысынан еш айырмашылығы жоқ. RAVEN (Robotic Avian-inspired Vehicle for multiple ENvironments немесе түрлі орта үшін құс түріндегі роботталған көлік құралы) деген атауға ие болған оның аяқтары кәдімгі тірі құстардікі секілді қара саннан, табаннан, өкшеден тұрады. Секірі үшін аяғын бүгеді, осылайша энергия жинайды. Инженерлер роботтың тізе буынына таяқша тәрізді серіппе қойған. Механикалық тұрғыдан күрделі емес, басқаруға да оңай. Серпілгенде жерге тірейтін, көкке көтерілуге қосымша күш беретін жалпақ табаны бар. Бұл тараптағы тәжірибе аяқтағы серіппелердің және алдыңғы ротордың синхронды актуациясына байланысты дронның жылдам және автоматты түрде ұшу режиміне ауыса алатынын көрсетті. Бұл ретте ол дене тұрқы ұқсас және салмағы да бірдей құстардың жылдамдығынан кем түспейтін ұшып көтерілу жылдамдығымен қозғала алады. Содан кейін ғалымдар ұшудың түрлі стратегияларының энергия шығындарын салыстырып көрді. Жүгіру межесінен секіру кезінде иттеру нүктесінен немесе серпілу нүктесінен энерия тұтыну көрсеткіші 60,1 жоулды (энергияны өлшеу бірлігі) құрап, тұрған жерінен ұшып шығу кезіндегіден (55,7 жол) 7,9%- ға жоғары  деңгейге жетті, ал биіктіктен құлдырай жоғары өрлеу кезіндегіден 6,9%-ға жоғары болып шықты (56,2 жоул). Сондай-ақ, инженерлер басқа көрсеткіштерді салыстырды. Бірінші стратегия ең табысты болып шықты: жүгіру екпінімен секіру кезіндегі орташа үдеу көрсеткіші 4,3 есе жоғары болды, яғни, энергия тұтыну деңгейі 5,3 есе жоғары болды, ал энергия тиімділігі тиісінше 9,7 және 4,9 есе жоғары болды. Ғалымдар дыр және тігінен ұшып көтерілу кезінде дронның аяқтарын жалпы дене салмағын азайту және сол арқылы жүгіру тиімділігін арттыру үшін доңғалақтар сияқты қарапайым механизмдермен ауыстыруға болатынын атап өтті.

 

0 пікір
Мұрағат