Жеуге болатын, сөйлейтін робот жасалды (видео)
Жеуге болатын, сөйлейтін робот жасалды (видео)
6 ай бұрын 1050 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда әлемдегі алғашқы жеуге болатын, сөйлей алатын робот пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы english.kyodonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей өнертабыс Токиодағы электрлік байланыс университетінің доценті Йошихиро Накатаға тиесілі. Оның көмегімен адамдар бойында жаны бар тіршілік иелерін жеудің қаншалықты жиіркенішті екенін түсінгісі келеді. Өзгеше робот тәтті желеден жасалған. Оның биіктігі небәрі - 7 см. Робот билеуге, тербелуге және қолдарын бұлғауға қабілетті. «Сәлеметсіз бе. Бүгін сенімен сөйлесуді асыға күттім», – деп үй иесімен амандасады. Роботтың, тіпті, аты бар - «Тәлтірек кейіпкер». Оның дәмі алманың дәмін еске түсіреді. Айрықша робот екі бөліктен тұрады. Біріншісі – пошымы төртбұрышты келген, жеуге болатын үстіңгі жағы да, екіншісі - 3D технологиясы бойынша басып шығарылған ыдыс түріндегі «іргетасы». Бұл ыдыс өз кезегінде роботқа арналған стенд ретінде алға шығады. Онда аналық плата, батарея және динамик жасырылған, олардың көмегімен «Wonky Character» сөйлейді. Ыдыс арнайы камера жүйесімен жабдықталған. Камералар ауамен толтырылады және құрылғының негізіндегі пневматикалық түтікке қосылады да роботтың қозғалуына әкеледі. Роботты жасаған Йошихиро Наката өз өнертабысын ас мәзірін дайындауда қолдануға болады, деп есептейді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ер адам роботты мейрамханаларда тірі тағам ретінде ұсынбақ. Қонақ роботпен сөйлесе алады, содан кейін оны жей алады. Бойында жаны бар тіршілік иелерін жеу Жапонияда «одоригуи» деп аталатын, ежелден келе жатқан дәстүрдің тозығы жеткенін осындай инновациялық жолмен көрсеткісі келген. Мысалы, жапондар сегізаяқты немесе калмарды тірідей жейді. Ғалымдар The wobbly character роботының қозғалысы арқылы біздің тағамның дәм сезуімізге қалай әсер ететінін түсінгісі келеді. Бұл тарапта 16 оқушының көмегімен тәжірибе жүргізілді. Оларға роботты жеуді ұсынды. Бірінші таймда қимылсыз тұрса, екінші таймда әңгімелесті және биледі. Тамақтанғаннан кейін студенттер «Сіздің жегеніңіз тірі нәрсе сияқты көрінді ме?», «Одан қандай да бір эмоция сезіндіңіз бе?», «Сізге бұл ақылға сыйымды көріне ме?", "Өзіңізді кінәлі жандай сезінбедіңіз бе?" деген сауалдарға жауап берді. Студенттер қозғалған роботты азық ретінде тұтынғанда өзін айыпты сезінгендерін жасырмады.

0 пікір
Мұрағат