Жерде ең алғаш пайда болған тіршілік иесі анықталды
Жерде ең алғаш пайда болған тіршілік иесі анықталды
2 жыл бұрын 3080 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтер көп жасушалы жануарлардан жер бетінде ең алғашқы болып пайда болған тіршілік иесін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен жердегі ең алғашқы жануар – бүгінгі медузаны еске түсіретін, мөлдір келген теңіз организімі – ескекші болып шықты. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Даниел Рохсар есімді молекулалық биологтың сөзіне қарағанда, жердегі барлық жануардың арғы бабалары шамамен 600-700 млн жыл тіршілік еткен. Олардың қандай болғанын көзге елестету қиын, өйткені, олардың денесі жұмсақ болғандықтан тасқа айналған іздері қалмаған. Зерттеушілер бұл тарапта тарақты медузаның, теңіз сіңірушісінің (губка), бір жасушалы организмдердің және микробты балық паразитінің геномдарын зерттей келе бұл организмдер арасындағы эволюциялық өзгерістер ретін анықтаған екен. Алдымен стенофорлар (ескекшілер), содан кейін губкалар пайда болғаны белгілі болды. Содан кейін олар гендерін көп жасушалы тірі организмдердің басқа түрлеріне ауыстырған.

Close up of a comb jellyfish known as the sea gooseberry

Diagram showing similarity between sponge cells and choanoflagellates

Translucent comb jellyfish with colorful iridescent highlights

0 пікір
Мұрағат