"Жасыл мола" трендке айналды
|
Мұсылмандар үшін қалыпты жағдай саналатын: мұсылмандар секілді қайтыс болған адамның сүйегін ақ жуып, арулап, яғни ақ кебінге орап ақтық сапарға шығарып салған кездегідей жерлемесе де кейінгі кезде христиандар арасында да тас табыттан және қымбат құлпытастан бас тарту етек алып келеді. Нақтырақ айтқанда, әлемде қанат жайып келе жатқан бұл үрдіс қандай да бір діни жоралғылармен байланысты емес, қоршаған ортаны қорғау, яғни, экологиялық мақсатта көрініс табады. Бұл үрдіс "жасыл мола" деген атпен танымал. Қайтыс болға адамды ары кетсе, ағаш табытпен жер қойнына тапсырады. Жыл сайын адам мәйітін осылай жерлеуді жақтайтындардың қарасы артып келеді. Әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ және Канада секілді алдыңғы қатарлы дамыған елдерде. Адам сүйегін осылай жерлегенде ғана табиғатқа барынша аз залал келеді. Өсімдіктердің жайқалып өсуіне кедергі келтіретін тас табыттар мен ауыр құлпытастар ендігі жерде сәннен қалған. Десе де бұл трендке қарсы шығушылардың айтуынша, бұл үрдіс дінсіздердің жерлеу рәсіміне ұқсайды-мыс.