Теңіз суынан уран өндіруге арналған материал жасалды
Теңіз суынан уран өндіруге арналған материал жасалды
4 ай бұрын 531 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оның әрбір граммы үш аптада теңіз суынан 12,6 мг уран алуға қабілетті. Бұл жаңалық әлемдік мұхит суынан уранды электрохимиялық жолмен алуға жол ашады. Қытайлық зерттеушілер хош иісті көмірсутектерге негізделген жаңа кеуекті материалды ойлап тапты. Ерекше мата мұхит суынан қиын уран иондарын жинайды. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Central Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уран өндірудің негізгі әдісі оны тау жыныстарынан алуға негізделген, алайда, тау жыныстарындағы уран қоры шектеулі. Сонымен бірге, бұл элементтің шамамен 4,5 миллиард тоннасы теңіздер мен мұхиттарда ерітіне күйінде жатыр, бұл көрсеткіш құрлықтағы уран қорынан 1000 еседен аса артық. Сондықтан, теңіз суынан уран өндіруге қабілетті материалдарды әзірлеу уранның әлеуетті қорын арттыру және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Жаңа сүзгі жүйесін бір топ қытай химиктері кеуекті хош иісті каркас қасиеттерін зерттеу кезінде әзірледі. Құрылымы бойынша бал ұяларына ұқсас және хош иісті органикалық қосылыстардың молекулаларынан тұратын полимерлі материалдарды химиктер осылай атайды. Бұл материалдардың кеуектерінің көптігі және үлкен меншікті бетінің ауданы ғалымдарды теңіз суынан уран иондарын алу үшін осы құрылымдарды пайдалану мүмкіндігі туралы ойлануға итермеледі. Ғалымдар бұл тарапта PAF-144-AO деп аталатын материалды жасады, ол екі хош иісті молекуладан тұрады - NCP және TCB. Электр тогы болған кезде бұл молекулалар өздігінен қосылып, кеуекті құрылымды құрайды. Гидроксиламинмен біріктірілген кезде бұл кеуекті материал сүзгіден төмен электр тогы өткенде уран иондарын ұстап, оларды ерімейтін уран қосылыстарына айналдыруға қабілетті.

0 пікір
Мұрағат