Тропикалық белдеудегі аралардың тісі өсіп, өлексемен қоректене бастады
Тропикалық белдеудегі аралардың тісі өсіп, өлексемен қоректене бастады
3 жыл бұрын 3341 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық биологтер Коста-Рикадағы аз зерттелген тропикалық тазқара-араларды қадағалап, бұл популяцияға тән емес қауіпті әдетті байқаған: жәндіктерде қосымша тіс өсіп, өлген жануардың етімен қоректенуге әдеттенген. Аталған жәндіктің ішегі де өзгеріске ұшыраған – ондағы микробиом гиена мен өзге де жыртқыштардың микробиомына ұқсап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дуг Ианега есімді энтомологтың айтуынша, аралардың бұл өсімдікпен қоректенбейтіндей эволюцияға ұшыраған әлемдегі жалғыз ара түрі. Аталған аралар шақпайды, алайда, аса қуатты жағымен (шықшытымен) тістейді. Кейбіреуі теріде бөртпелер мен қабынуды тудыратын зат бөледі. Ғалымдардың топшылауынша, олар жаһандық жылынуға байланысты азайып келе жатқан нектар үшін бәсекелестіктің салдарынан осындай әдетке бой алдырған. Қоректену әдетіндегі түбегейлі өзгеріс олардың организіміне әсерін тигізген. Аралар мен вегетариандық аралардың ішектері бірдей бес негізгі микробтармен қамтылған, бұл микробиом 80 млн жылға дейін өзгермейді. Алайда, етпен қоректенетін араларда олар өзгеріске ұшыраған. Тазқара аралардың микробиомы қышқылды ұнататын бактерияларға толып кеткен. Басқа араларда ондай кездеспейді. Куинн Макфредерикологтың сөзіне қарағанда, есімді энтом мұндай бактериялар, тазақара құс, гиена, тағы басқа өлексені жейтін жыртқыштардың ішегінде бар. Десе де етпен қоректенетін араның балы бұрынғыша тәтті әрі жеуге жарамды.. Өйткені, жәндіктер етті ұяның арнайы камерасында сақтайды.

Ұқсас материалдар:

«Жануарлардың дене пішімі өзгеріп жатыр...» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlardyn-dene-pishimi-ozgerip-jatyr-15747/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат