Светодиодтік көше шамдарынан жәндіктер семіріп барады
|
Ұлыбританияның экология және гидрология орталығының ғалымдары светодиодтық көше шамдарының жәндіктер популяциясына қандай қауіп төндіретінін анықтады, дәлірегі, аталған шамнан жәндіктер семіздік індетіне шалдығып, өсіп-өнуден қалып барады. Бұл жайында islam.kz порталы advances.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар осы уақытқа дейін жасанды жарықтың жәндіктер популяциясына кері әсерін тигізетінін тек топшылап келген еді, дегенмен қаншалықты зиянын тигізетінін енді біліп отыр. Ғалымдар бұл бағытта көше шамының жарығы түскен және көше шамының жарығынан қалтарыс жол бойындағы 26 жер телімін салыстырған екен. Бұл зерттеуде ұшуды үйренгенше жұмыртқа жарған жерінен алысқа ұзап кетпейтін жұлдызқұрт жәндігін таңдаған болатын. Нәтижесінде жәндіктердің жолдан тыс жерде 47%-ға, ал көше шамының жарығы түскен жол бойындағы көгалдағы жәндіктердің 37%-ға азайғаны белгілі болды. Зерттеуде өсімдіктерді тозаңдандырып, кейбір жануардың негізгі азық көзі болып табылатын жұлдызқұрттың («құс» жәндік) көбелегі таңдалды. Өйткені, ол ұрпағын осындай жерлерге тастап кетеді. Бұдан жарық аталған жәндіктің меніз-құлқы мен әрекетіне де әсерін тигізген: олар әдеттегіден жиі әрі көп қоректенетін болды. Әдеттегіден тыс жарықта олар өздерін қалай ұстарын білмейді әрі шапшаң өсуі үшін неғұрлым көп қоректенуге көшкен. Экологиялық жағынан зиянсыз деп есептелетін LED-жарығы бұрын қолданылған натрилік шамға қарағанда жәндіктердің жауы болып шықты: светодиодтық шамның жарық қысымы жоғары күн сәулесіне ұқсас натрилік шамның сарғыш-қызғылт жарығына қарағанда.
Ұқсас материалдар:
«Жасанды жарық жарға жығады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-jaryq-jarga-jygady-15517/#gsc.tab=0);
«Жасанды жарық тіршілікке қауіпті болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-jaryq-tirshilikke-qauipti-bolyp-shyqty-10394/#gsc.tab=0);
«Тұңғыш рет тұтас ел жарыққа қарсы карантин жариялады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tungysh-ret-tutas-el-jaryqqa-qarsy-karantin-jariyalady-13329/#gsc.tab=0);