Сирек кездесетін құс түрін жойылудан құтқарудың өзгеше тәсілі қолданылуда
Сирек кездесетін құс түрін жойылудан құтқарудың өзгеше тәсілі қолданылуда
2 жыл бұрын 2580 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дикин университетінің орнитологтары сирек австралиялық палауларды жұмыртқа мен балапандарды жейтін инвазивті түлкілерден қалай қорғауға болатынын анықтады. Жыртқыштарды тойтару үшін иттердің зәрі аңдардың ұяларының жанына құйылады. Түлкілер иттерден қорқады, сондықтан олар аулақ жүретін болады, ал палуандар қауіпсіз жерде өседі. Бұл жайында islam.kz порталы N+1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құс түрі теңіздің құмды және өзен жағалауларында, дәлірегі, Австралияның оңтүстігінде ғана тіршілік етеді. Бүгінде қарасы жеті мыңға жетер-жетпес палау жойылу алдында тұр – туристер мен құрылыс қана емес, сондай-ақ, ең басты жауы – түлкілер себеп болып отыр. Түлкі иттен қорқады. Ең алдымен, иттердің зәрімен қорғау технологиясы макеттерде сыналады. Бұл тараптағы тәжірибе сәтті өтсе, нағыз палаудың ұяларының айналасындағы құм мен өсімдіктер сұйықтықпен өңделеді. Аталған құсты құтқарудың арзан әрі оңай тәсілі.

Орнитологтар жабайы табиғатта сирек кездесетін құстарды жойылудан қалай қорғайды?

  • Сирек кездесетін қытай терндерінің санын көбейту үшін ғалымдар Шығыс Қытай теңізіне пластикалық құстардың жалған колонияларын орналастырып, олардың дауыстарын ойнатқан. Нәтижесінде аталған құстар жиналып, тіршілік ету ортасына айналдырған; 
  • Тасманияда жергілікті кемпірқосақ құстарының ұясына уланған тауықтың қауырсындарын қосу арқылы балапандардың өліміне себепі болатын паразиттерден қорғайды; 
  • Жаңа Зеландияда жабайы табиғатта аса сирек кездесетін суқұйғыш деп аталатын құсты жжыртқыштардың қорғау үшін айрықша айла қолданды  - құстардың жұптасу маусымына бір ай қалғанда құстардың ұя салатын орындарына құс иісі бар белгілер қойылды. Ол күзендер мен бұралқы мысықтарды тартты. Әрине, жыртқыштар ұя немесе балапан таппады. Уақыт өте келе олар ол жаққа келуді тоқтатты, ал аталған құс алаңсыз жұмыртқа басып, ұрпақ өрбіткен.
0 пікір
Мұрағат