Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды
Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды
4 жыл бұрын 23522 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар шегірткенің осал тұсын тапты, дәлірегі, шегірткелердің ордалы да қауіпті күшке айналуына мүмкіндік беретін – аталмыш жәндіктің бойынан бөлінетін ерекше қосындыны тапты. Бұл жаңалық жаһандық жылынуға байланысты соңғы жылдары ауыл шаруашылық плантациялары мен егістік алқаптарын жайпап кететін зиянкес жәндіктерден біржола құтылуға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шерітке үйірден тыс, саяқ жүрсе, қауіпті емес. Олардың бойынан бөлінетін, бірігіп, қауіпті күшке айналуына мүмкіндік беретін фероменді ауыздықтау арқылы бұл мәселеге нүкте қоятын күнге алыс қалған жоқ. Бір үйірде жүздеген млн шегіртке болуы мүмкін. Бейнелеп айтқанда, Рим мегаполисінің көлеміндей аумаққа дейін жететін шегірткелердің араны сұмдық енді – бір күнде күллі Кения халқының тұтынатын азығын тауысып қояды. Кенияның Найроби қаласында орын тепкен халықаралық жәндіктер физиологиясы және экологиясы өніндегі орталықтың эколог химигі Балдбин Торто бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының маңыздылығы мен көкейтестілігіне тоқтала келіп, әлі күнге дейін шегірткелермен күресудің тиімді жолы табылмағанын тағы бір мәрте еске салып өткен еді. Ғалымдар таяуда бір орнында тұрмай ұдайы көшіп-қонып жүретін Locusta migratoria шеріткесінің үйірге айналуына агрегация феромонының әсері барын білді. Жәндіктердің бойынан бөлінетін химиялық қосынды ауа арқылы тарайды. Ол келесі шегрткені маяк пен магнит секілді алыстан тартып тұрады. Бейжіңдегі Қытай ғылым академиясының энтомологы Ле Канг пен оның әріптестері тек шегірткелер бөлетін аталмыш қосындыны табу үшін ізденеді. Олар алты қосындыны тапқан болатын. Ғалымдар артынан көз жеткізгендей, бұл қосындылардың бірі  -  4-виниланизол немесе 4VA осынау зиянкес жәндіктің кез келген түрін және кез келген жастағы шегірткелерді жынысына қарамай бір жерге топтастыратын, яғни, үйірге айналдыратын болып шықты. Ғалымдар жекелеген шегірткелер емес, олардың қарасы 4-ке жеткенде, яғни, 4 шегіртке бас қосқан кезде аталмыш химиялық қосындыны бөле бастайтынын аңғарған. Олардың қарасы көбейген сайын соғұрлым көп бөлінетінін де байқаған еді. Қытай ғалымдары шегіртке мұртының маңындағы сенсорлық түктердің көмегімен 4VA-ны қабылдауға әсер ететін ақуызды идентификациялады. Ғалымдар бұл ақуыздың генін редакциялап, шегірткелердің үйірге айналуына жол бермейтіндей етіп тастады. Яғни, адамның қолайына қарай «жетілдірілген» ақуыз 4VA-ы қабылдай алмайды. Ғалымдар 4VA-ны қабылдайтын мұртшалардың қабілетін бұғаттайтын, өздері тапқан қосындыны шегірткелер үйіріне шашып, оларды сейілтудің жолын ұсынып отыр. Ал ғалымдардың бұл тозаңы өзге жәндіктер мен өсімдіктерге зиянсыз болып келеді.

0 пікір
Мұрағат