Қабылан жүгіріп келе жатып неге кілт тоқтайды
Қабылан жүгіріп келе жатып неге кілт тоқтайды
5 жыл бұрын 5214 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жануарлар ішіндегі ең жүйрігі – қабылан. Жоғары жылдамдыққа қарамастан олар тепе-теңдігін жоғалтпайды. Яғни, жылдамдығын сақтай отырып, қалаған жағына бұрыла алады. Жаратылысына байланысты осындай артықшылығына қарамастан емтігін аулауда 80% жағдайда жолы болмайды. Қабылан ұшқыр болғанымен ұзаққа шаппайды. Жемтігінің соңына түскен қабыланның кейде жұлдыздай ағып келе жатып, кілт тоқтайтынын байқаған шығарсыздар. Сосын өз жайымен кетеді. Жемтігін еркіне жібереді. Тіпті, қара үзіп кеткен жемтігінің соңына қайта түспейді, немқұрайды күйге түседі. Мұның сыры неде? Ғалымдар ұзақ уақыт бойы жыртқыштың осы әрекетіне бас қатырып келген болатын. Ғалымдар шапшаң жүгіруден денесі қызып кететіндіктен кілт тоқтайды, деп топшылап келген болатын. Алайда, олардың бұл жорамалы тек гипотеза күйінде қалды: қабыланның шапшаң жүгіргеннен денесінің қызуы көтерілмейтіні белгілі болды. Қабылан жүгіргеннен шаршайтын жыртқыш емес, аз уақыттан кейін өзге жемтігінің соңына түседі – бұл оның шаршамайтындығын көрсетеді. Жемтігін ұстай алмаса, тағы кілт тоқтайды? Өйткені, мысық – жер бетіндегі жемтігін тиімді жолмен аулайтын жануар. Жемтігін ұстай алмайтынына көзі жеткен соң кілт тоқтап, күш-қуатын үнемдейді. Кілт тоқтайтын сыры осында. Мысықтар адамдар секілді емес – бірбеткей емес. Зая кететін күреске уақытын сарп етпейді. Инстиктісі сәттіліктің өлшемі бола алады.

0 пікір
Мұрағат