Оңтүстік Америка қасқыры (фото+видео)
Оңтүстік Америка қасқыры (фото+видео)
4 жыл бұрын 5015 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жабайы табиғатта сирек кездесетін қасқырдың бұл ерекше түрі Chrysocyon brachyurus немесе гуара деп аталады. Бұл жайында islam.kz порталының танымдық материалынан біле аласыздар. Ол Оңтүстік Америкада, дәлірегі, бүгінгі таңда Бразилия аумағында тіршілік етеді. Бұрын аталған елге көрші жатқан Парагвайда, Перуде кездесетін, қазіргі уақытта аталған елдер аумағында күндіз шам алып іздесеңіз таппайсыз, өйткені, тұқымы тұздай құрыған. Тек Бразилиядан ғана кездестіре аласыз. Жойылу алдында тұрғандықтан Қызыл кітапқа енгізілген. Тіршілік ету ортасы – ылғалы мол шөптесін аймақ. Қасқырдан гөрі түлкіге көбірек ұқсайтын осынау түз тағысының сирақтары көсеудей ұзын, тіпті, түрімен ғана емес, түсімен де түлкіге көбірек ұқсайды. Аяқтары ұзын болғанымен дене тұрқы шағын келеді - 125-130 см. Ал салмағы 20-23 келіден аспайды. Ең қызығы, бөлтірігінің аяқтары қысқа болып туады да жүре келе ұзарып кетеді. Соған қарамастан қатты жүгіре алмайды. Аяқтары қара түсті болғанымен өзі сарғыш-жирек келеді, жотасынан қара таспа тартылған. Жұбымен тіршілік етеді. Әйтсе де бөлек аңшылық құрады, яғни, жемтігін бөлек аулайды. 25-27 шаршы шақырымды алып жатады иемденетін аумағы. Қоян, құс, т.б. қорек етеді, кейде құстың жұмыртқасын да қанағат тұтады. Сондай-ақ, түрлі шөптің тамыры мен жемісін де талғажау етеді. Бір тәуірі, адамға шаппайды. Ол да ұлиды, көбіне түнде жортады. Ұрғашысы әдетте 1-5 бөлтіріктен күшіктейді. Кейде салмағы 340-430 грамнан аспайтын 7 бөлтірікті күшіктеуге шамасы келеді. Тез жетіледі, төрт аптадан соң өз бетінше қоректенеді. 10-14 жыл өмір сүреді.

У этого волка длинные уши.

Любит охотится на птиц.

0 пікір
Мұрағат