Мысықтың құлағын неге қимылдататыны белгілі болды
|
Мысықтың құлағын бақылай отырып, оның не істегісі келгенін, көңіл күйін және денсаулығын шамалап білуге болады. Мысық пен марғау адамдарға қарағанда құлағын қимылға келтіретін айрықша қабілетке ие. Бұл жайында islam.kz порталы Catster ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, мысық пен марғаудың өзге жануарлардан ерекшелеп тұратын бұл қабілетіне кей адамдар да ие болуы мүмкін, алайда, мысықтық қабілетімен салыстыруға келмейді, өйткені, құлағын түрлі күйге келтіре алатын мысықтың бұл қабілеті адамның қол-аяғын қимылдата алатыны секілді табиғи болып келеді. Бұдан бөлек, мысықтың құлағын қимылдатуы адаммен тілдесуінің бір құралы десек те болады. Ғалымдар анықтағандай, дыбысты аулау үшін де құлағын қайшылайтын болып шықты. Дыбыс шыққан жаққа елеңдеп, құлағын қайшыласа есту қабілеті 15-20%-ға артады. Бұдан бөлек, мысық құлағын 180 градусқа бұра алады. Мысықтар дыбысты 45-тен 64 мың герцке дейінгі аралықтағы жиілікте естиді. Яғни, адам мен итке қарағанда төменгі және жоғарғы жиілікте ести алады. Мәселен, иттер 67-45 мың герцке дейінгі жиілікте ести алса, адамдарда бұл көрсеткіш – 64-23 мың герц. Бұл тараптағы зерттеу ннәтижесі көрсеткендей, мысықтар құлағын дыбысты аулау үшін ғана емес, сонымен қатар, эмоциясы мен көңіл күйін адамға жеткізу үшін де қайшылайды. Мәселен, құлағын алдыға қайшыласа, көңілі тоқ екендігін білдіреді. Мұндай сәтте пырылдап, құйрығын қайқайтып, адамға жанасуы мүмкін. Егер құлағын алдыға қайшылап, көзін кеңірек ашса, аталған үй жануары өзі үшін аса маңызды ақпаратқа ие болғанын білдірмек. Ал егер құлағын жылдам айналдыра қайшыласа, оның аңшылық инстинктісінің оянғанынан хабар береді. Құлағын бүйіріне жатқыза қайшыласа, оның үрейге бой алдырғанын білдіреді, мұндай сәтте ол қас қақпай алдына тесіле қарап, жотасын күдірейтіп, ысылдап агрессиялық әрекет танытуы мүмкін. Сол себепті, мұндай кезде мысыққа жақындамауға кеңес береді. Мамандар.