Мысық туралы таңғажайып фактілер
Мысық туралы таңғажайып фактілер
3 жыл бұрын 4311 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті
Қожайынын көрмесе де оның қайда екенін біледі – зерттеу

Жапон ғалымдары бұл бағытта арнайы тәжірибе үргізіп көрген екен: мысық қожайынын көз азып қалса да оның қайда екенін білетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS One мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибеге 23 мысық пен төрттен алты жасқа дейінгі 27 мысық қатысқан. 27-сі мысықханада тұрған, қалғаны үй мысығы. Ғалымдар мысықтарды атымен шақыратын қожайынының даусы жазылған құрылғыны пайдаланған. Мысықтар бір бөлмеде болған, ал аудиожазба әр түкпірге қойылған. Мысықтар өз атын естігенде ғалымдар олардың реакциясын басы мен құлағының қимылына қарап бағалаған екен. Мысықтар қожайынының даусы әр түкпірден шыққанда дағдарып қалған. Ғалымдардың пайымдауынша, мысық қожайынын түр-тұлғасына қарап танымайды, даусынан ажыратады. Бұл айт мысықтың конгнитивті қабілетінің барын көрсетеді.

Эмоциясын мимика арқылы білдіреді

Канадалық ғалымдар мысықтың эмоциясын қалай білдіретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencealert ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар әлемнің 85 елінің азаматтарына мысықтың түрлі эмоциясы бейнеленген видеоны көрсеткен. Нәтижесінде эмоциялық реакцияны 10 жағдайдың тек алтауында ғана дұрыс түсіндіре алған. Бұл бағытта ерлерге қарағанда әйелдер алғыр болып шыққан. Дегенмен жануар дәрігерлері (ветеринар) мысықтың эмоциясын дұрыс аңғарған.

Адамның әрекетін қайталайды

Будапеш қаласындағы Лоранда Этвеша атындағы университет ғалымдары мысықтың өз қожайынының іс-әрекетін қайталай алатын қабілеті барын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Animal Cognition мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Клаудиа Фугацца есімді азамат ұзақ уақыт бойы иттің мінез-құлқын қадағалаған екен. Ол итін түрлі әрекетке баулып көреді. Әтижесінде тек иті ғана емес, сонымен қатар, мысығының да қабілеті барын байқаған. Фуми Хигаки есімді жапон жаттықтырушысы мысығын тек бір артқы аяқтарымен тұру, айналу секілді әрекеттерді үйренген.

 

0 пікір
Мұрағат