Миы мен жүрегінен, жұлынынан, аяқ-қолынан айырылса да қайта қалпына келтіре алатын жануар аталды
Миы мен жүрегінен, жұлынынан, аяқ-қолынан айырылса да қайта қалпына келтіре алатын жануар аталды
2 жыл бұрын 3770 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қандай жануардың жұлын, жүрек және аяқ-қолды қалпына келтіре алатынын айтты және оның қалай табысқа жететінін тексерді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Livescience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцария мен Австрияның бір топ ғалымдары аксолот деп аталатын таңғажайып жануар туралы айтып берді. Олардың миының бір бөлігін алып тастаған жағдайда табиғи жолмен қалпына келтіруге қабілетті екені белгілі болды. Ғалымдар аксолотлдар мидағы жасушалардың барлық түрлерін, соның ішінде осы ағзаның бір бөлігін екіншісімен байланыстыратын әрі байланыстарды қалпына келтіре алатынын тексеріп көрмек болды. Осы мақсатта олар алдымен осы тіршілік иелерінің миын құрайтын жасушалардың атласын жасады. Tүрлі жасушалардың функциялары да әр түрлі болып келеді, яғни, өзіне тән қызметі болады. Олар түрлі рөлдерді атқара алады, өйткені, олар әртүрлі гендерді экспрессиялайды. Бұл тарапта мидағы жасушалардың қандай түрлері бар екенін және олардың не істейтінін түсіну оның қалай жұмыс істейтіні туралы жалпылама түсінік алудың маңызы зор. Зерттеушілер аксолотлдың миын құрайтын әртүрлі жасушаларды, соның ішінде нейрондардың әртүрлі типтерін және туа біткен жасушаларды анықтау үшін РНҚ секвенциясын орындады. Олар прогениторлық жасушалар нейронға айналған кезде қандай гендердің белсенділік танытатынын анықтады. Олардың көпшілігі нейробласт деп аталатын аралық типтен өтетіні белгілі болды. РНҚ-ны секвенирлеу әдісін қолдана отырып, ғалымдар жарақаттан кейін бір аптадан 12 аптаға дейін қалпына келтірілетін барлық жаңа жасушаларды ұстай алды. Зерттеушілер жойылған жасушалардың барлық түрлері ақырында қалпына келтірілетінін анықтады. Жануар миының жаңаруы үш кезеңде жүретіні белгілі болды. Бірінші фаза прогениторлық жасушалар санының тез өсуінен басталады және бұл жасушалардың аз бөлігі жараның жазылу процесін белсендіреді. Екінші фазада гениторлы жасушалар нейробласттарға дифференциялана бастайды. Ақырында, үшінші фазада нейробласттар бастапқыда жоғалған нейрондардың бірдей түрлеріне бөлінеді. Ғалымдар үшін ең таңғаларлық нәрсе - мидың шалғай аймағы мен оның басқа бөліктері арасындағы жоғалған байланыстар да қалпына келтірілді. Бұл қалпына келтірілген аймақтың да өз функцияларын қалпына келтіргенін көрсетеді.

Ұқсас материалдар:

«Құрбақаның кесілген аяғын өсірді (регенерация)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurbaqanyn-kesilgen-ayagyn-osirdi-regeneratsiya-16340/#gsc.tab=0);

«Жасушалардың ағзаны қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalardyn-agzany-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16435/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат