Кесірткенің жаңа түрі табылды
Кесірткенің жаңа түрі табылды
3 жыл бұрын 2182 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Эквадордан кесірткенің жаңа түрі табылды. Оны байырғы халықтардың құқығы үшін күресіп өткен, ваорани халқының бетке ұстар белсендісі Неомонте Ненкиноның құрметіне Anolis nemonteae деп атады. Бұл жайында islam.kz порталы dailyadvent.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эквадордағы папаның католик университетінің,  Гуаякил жоғарғы оқу орнының, Ұлттық биологиялық әр алуандылық институтының (INABIO),  Нью-Мексико америкалық университетінің әне Австралияның Ла Троба университетінің ғалымдары кесірткенің жаңа түріне сипаттама берді. Эквадордың оңтүстік-батысында орын тепкен Анд тауының тынық мұхиты сілемінде, 372 метрдан 1 мың метрге дейінші биіктікте тіршілік етеді. Кесірткенің жаңа түрі кесірткенің басқа түрлеріне қарағанда дене тұрпатымен, сыртқы анатомиясымен айрықшаланады. Бұдан бөлек, митохондриялды ДНҚ-сы да бөлек болып келеді. Кесірткенің атауы, жоғарыда айтып өткеніміздей, Неомонте Ненкиноның құрметіне аталды. Неомонте Ненкино Амазония тропикалық орманын, тұмса табиғатын, байлығын, дәлірегі, 500 мың акрын ашкөз инвесторлар мен мұнай өндіруші алпауыттардан жанын сала қорғап, 2020 жылы осы әрекеті үшін әлемдегі ең ықпалды 100 адамның біріне айналды. Америкалық Time мерзімді басылымының нұсқасы бойынша.

0 пікір
Мұрағат