Жануарлар да адамдар секілді өз артықшылықтарын ұрпағына мұраға қалдырады
Жануарлар да адамдар секілді өз артықшылықтарын ұрпағына мұраға қалдырады
3 жыл бұрын 1814 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануарлар да адамдар секілді өз артықшылықтарын (иерархиядағы орнын, мүлкін, ресурсқа қол жеткізе алатын мүмкіндіктерін) ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы PsychNews Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл фактор жануарлардың өзарасында теңсіздік  тудырып, олардың тірі қалу мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің және Миллс колледжінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл тарапта биологтер жәндіктерден бастап, балық пен құсқа, маймылдарға дейінгі түрлі жауарлардың артықшылықтарын ұрпағына табыс етуді былай сипаттайды:

-       Қызыл тиіндер балаларына өзінің асқазындағы азықты немесе шырша жаңғағын мұраға қалдырады. Бұл жайт аталмыш кеміргіштердің ерте өсіп-өнуіне әрі ұзағырақ ғұмыр сүруіне көмектеседі;

-       Сона ұрғашысы анасынан өзі ұрпақ тарататын ұяны мұраға алады;

-       Алабажақ балықтар (декоративті клоун балықтар) ата-анасынан жыртқыш балықтардан қорғануға мүмкіндік беретін, жасырынуға қолайлы қауіпсіз орындарды мұраға алады;

-       Дағы бар гиендердің ұрғашысы иерархиядағы өз орнын мұраға қалдырады, бұл ұрпағына азықты иелену артықшылығын бермек;

-       Қараторғайлардың еркегі әкесінің бақылауымен шағылысу кезіндегі бидің ең жақсы позициясын мұраға алады. Ал етім құстар мұндай мүмкіндіктерге ие бола алмайды;

-       Шимпанзелер мен капучиндер жаңғақ жаруға арналған құралдарды ата-аналарынан мұра етіп алады және оларды пайдалануды үйренеді.

Бұл бағытта осындай елең еткізетін жаңалық ашқан ғалымдардың пікірінше, жануарлар арасындағы мұндай ерекшелік өз кезегінде адамзат қоғамындағы түрлі теңсіздіктердің табиғатын түсінуге көмегін тигізуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат