Tағам қалдықтарынан дәрілік саңырауқұлақ өсіріп жатыр (видео)
Tағам қалдықтарынан дәрілік саңырауқұлақ өсіріп жатыр (видео)
2 жыл бұрын 1468 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Моңғолгияның ауыл шаруашылық университетінің магистратура студенті С.Мөңжарғал Cordyceps militaris дәрілік саңырауқұлағын өсіру үшін жануарлардан алынған биологиялық қалдықтарды, теңіз шырғанақтарының бұтақтарын және тұқым қалдықтарын пайдаланып тәжірибе жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Моңғолдарға Pleurotus ostreatus Oyster саңырауқұлағын алғаш рет таныстырған С.Мұңжарғал «Саңырауқұлақ өсіру кәсіпорнының өндіріс және жеткізу тізбегі» аясында саңырауқұлақ өсірушілерді4 басын біріктіре алды. Олар бірге жұмыс істеп, аталмыш өсімдік туралы жұртшылыққа ақпарат таратып, өсімдіктің түсімін арттыруға күш салады, бұдан бөлек, бұл тарапта тың тәжірибелер жүргізіп, дәрілік мақсатта қолданылатын саңырауқұлақтар өсірмек. «Моңғолиядағы Убс арнасы маңындағы теңіз шырғанақ жемістерінің құрамында С дәрумені көп, бұл өсімдік осындай ерекшелігімен әлемге танылды. Біз теңіз шырғанақ қалдықтарында емдік саңырауқұлақтарды өсірудің пайдасын зерттеп жатырмыз. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың бағасы 5 доллар, емдік саңырауқұлақтар 500 доллар. Өсірудің өзге өсімдіктердің өсу барысынан еш айырмашылығы жоқ»,- деп түсіндірді студент. «Магистрантымыз С.Мұңжарғал Моңғолияның мал шаруашылығының шикізаты негізінде, дәлірегі, жүн, кашемир және теңіз шырғанақ қалдықтарында әлемге әйгілі және қымбат саңырауқұлақ кордицепсін өсіруге тәжірибе жүргізуде. Бұл саңырауқұлақ табиғи түрде қатты қабықты жәндіктерде өсіп, оларды жояды. Кордицепс құрамында биологиялық және фармакологиялық қасиеттері бар заттар кездеседі»,- деді Моңғол ұлттық университетінің профессоры Х.Алтанцэцэг.

Кордицепс (лат. Cordyceps) —  жәндіктердің нақты бір түрлері үшін паразит болып табылатын пиреномицеттер, ергот саңырауқұлақтарының тұқымдасы. Cordyceps — латынның cord — «сойыл» және ceps — «бас» сөздерінен алынған. Табиғатта кордицепстердің 400-ден аса түрі кездеседі. Халық медицинасында кеңінен танымал – шипалық қасиетімен. Аталған өсімдіктің биологиялық белсенді заттары бұрыннан пайдаланылып келе жатса да оны тек 2008 жылдан бері ғана зерттеп келеді.

0 пікір
Мұрағат