Жануарлар әлемі: Гоби шөлінде әлемдегі ең үлкен түйе жарысы өтті
|
Гоби шөлінде әлемдегі ең үлкен түйе жарысы өтті. 1 115 жануар қатысқан оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енгізілетін болады.
Қатысушылар 15 шақырым жолды шауып өтуі тиіс болған. Жеңіс мәресіне жүйрік жануар 35 минут 12 секундта жетті. Жарыстың 68-ші минутында соңғы қатысушы (1108-ші түйе) көмбеге жеткеннен кейін ғана сайыстың аяқталғаны хабарланды.
Жарыс «Моңғол түйесі-999» шарасы аясында өтті. Түйе бәйгесін «Тумэн тэмээ» түйелермен саяхат жасау қауымдастығы мен Моңғолия жастары одағы ұйымдастырған.
Түйелердің жыл сайынғы фестивалі 1997 жылдан бері Моңғолияның Даланзадгад қаласы маңында өтеді. Бұл жарыс жергілікті тұрғындарға туризмнен түсетін табыстың өсуіне сеп екен. Жарыстан басқа, түйешілер жануарларына мініп поло ойнайды.
Бұған дейінгі әлемдік рекорд Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия айданында орнатылған, ол кезде жарысқа 550 түйе қатысты.
Түйелер бәйгесі сондай-ақ, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Австралия аумағында өткізіліп тұрады.
Сәйгүлікке костюм «кигізді» (фото)
Ұлыбритания жерінде адам баласы тарапынан жылқы жануарына бұрын-соңды болмаған құрмет көрсетілді. Мұнда Морстид атты сәйгүлікке арналып, твид матасынан әлемде алғаш рет костюм тігілді, деп хабарлайды The Independent. Harris Tweed матасынан тігілген костюмді Морстид дәстүрлі Челтнем фестиваліне «киіп шығады». Ерлер киімінің үлгісімен пішілген бұл костюмге тапсырысты William Hill букмекерлік кеңсесі берді. Костюмді атақты дизайнер Александр Маккуиннің бұрынғы шәкірті Эмма Сэндэм-Кинг пішкен. Модельердің айтуынша, бұл оның мансабындағы ең күрделі тапсырма болған. Сэндэм-Кинг жануарды «киіндіру» үшін 18 метр твид матасын жұмсаған. Ал оған атақты шабандоз сэр Энтони Маккой көмектесіпті. Сондай-ақ дизайнер Морстидтің ешбір оғаш қылық танытпастан, жұмыс барысында жуас болғандығын атап айтты.