Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады
Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады
3 жыл бұрын 2488 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну аралардың ұшу қабілетіне кері әсерін тигізеді. Британдық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайт өз кезегінде аралардың тозаңдандыру қарқынын тежеп, өсімдіктердің жеткілікті деңгейде өсіп-өнуіне, соның ішінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азаюына алып келмек. Ал бұл жағдай онсыз да жылдан жылға іргесі шайқала бастаған ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты дағдарысты тереңдетеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Functional Ecology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тозаңдандырушы жәндіктердің көбісі, соның ішінде аралар да климаттық апаттан жойылу алдында тұр. Ұшатын жәндікердің жаз мезгіліндегі белсенділігіне  ауа температурасы көп әсер етеді. Лондондағы империялық колледждің ғалымдары Bombus terrestris арасының қандай температура диапозонында ұшқанды қолай көретінін анықтау үшін бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен: дене тұрқы әртүрлі жәндіктерді «каруселге» бекітіп, түрлі температурада – Цельсия бойынша 12-30 градус аралығындағы температурада олардың жылдамдығын әрі бағындырған қашықтықтарын өлшеп көрген екен. Нәтижесінде аралар үшін ең қолайлы температура Цельсия бойынша 25-27 градус болып шықты – үш шақырымға дейін ұшқан. Ал ауа температурасы Цельсия бойынша 35 градусқа дейін көтеріліп еді орташа ұшу қашықтығы 1 шақырымнан аспаған. Цельсия бойынша 10 градуста 300 метрден ары ұзамаған. Десе де Цельсия бойынша +15 градустан төмендегенде жабайы аралардың ұшу қашықтығы небәрі 100 метрді құраған еді. Оның өзінде де тұрқы ірі аралар ғана осындай қашықтыққа ұша алған.

Ұқсас материалдар:

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат