Бізтұмсық бақа (фото+видео)
Бізтұмсық бақа (фото+видео)
5 жыл бұрын 5193 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2008 жылы Квинсленд штаты музейінің қызметкерлері мен Гриффита университетінің ғалымдары Индонезия мен Папуа-Жаңа Гвинеяның биік тауындағы ит тұмсығы батпайтын ну жынысынан бақаның жаңа түрін тапқан болатын. Ол австралиялық бақа (лат. Litoria) тобына жатқызылды әрі ресми атау берілді.Сирек кездесетін қосмекенді ағаштардың ұшар басында жасырынады.  Litoria vivissimia «ұятсыз маймыл» деген мағынаны береді – маймыл десе маймыл – маймыл секілді жарғағын жайып жіберіп, бұтақтан бұтаққа секіріп жүргені. Тағы бір жаңа түрі Litoria pterodactyla немесе парашютті бақа деп аталады. Ал үшінші түрі танауының пішініне қарай Litoria pinocchio деп аталған, мұрны үшкір болып келеді, ұзындығы – 2,5 мм-ге дейін жетеді. Биологтерді таңқалдырғаны – осынау ерекше тұмсығының қатайып-тіктеліп, жұмсарып-салбырап қалатыны болды. Мұның сыры неде, яғни, қандай мақсатта түрлі күйге енетіні ғалымдарға әлі күнге жұмбақ. Осыдан он жыл бұрын бұл түрдің тек бір өкілі ғана табылған болатын. Ғалымдар тек еркектерінің ғана бізтұмсықты болып келетініне қарап, шағылысу маусымында бәсекелесін ықтыруға көмектеседі деп бастапқыда жаңсақ жорамалдаған еді. Ал бақылап, қадағалаған кезде ғалымдардың бұл топшылауы қате болып шықты: ұрғашылары танауы үшкірлеу келгендеріне артықшылық беріп, ыңғай білдірген емес. Герпетологтар бұл физиологиялық ерекшеліктің сыры неде, яғни, қандай мақсатта керек әлі екенін тапқан жоқ. Индонезия мен Жаңа Гвинеяның климаты ылғалды болып келеді: кей өңірлерде жылына 8 метрге дейін жауын-шашын түседі. Бұл аталған бақа түріне қолайлы ортаны қалыптастырады.

Pinocchio frog Facts About The LongNosed Tree Frog Pinocchio Tree Frog

Pinocchio frog itelegraphcoukmultimediaarchive01870pinocch

 

0 пікір
Мұрағат