Бірге болу үшін бір-бірінің қанатын кеміріп тастайтын жәндік
Бірге болу үшін бір-бірінің қанатын кеміріп тастайтын жәндік
3 жыл бұрын 2777 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Salganea taiwanensis тарақаны – бір-бірінің денесінің бір бөлігін жейтін әлемдегі жалғыз жәндік түрі. Тарақанның бұл түрі серігін тапқан соң бір-бірінің қанатын кеміріп тастайды бірге болу үшін. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Salganea taiwanensi тарақаны тек Азияда ғана тіршілік етеді, шіріген ағашпен қоректенеді. Жас тарақандар ұша алады, алайда, жұмыртқа салатын ағаш табылса, бір-бірінің қанатын кеміріп тастайды. Аталмыш буынаяқты жәндіктің бұл ерекшелігін Харука Осаки есімді жапон зоологы сипаттап жазған екен. Бұл тарапта зертханада тарақандардың 24 жұбын қалыптастырып, арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен. Үш күн бойы олардың әрекетін таспаға тартып алған. Аталмыш жәндіктердің бір-бірінің қанатын кеміру ритуалы бірнеше кезеңнен тұратыны белгілі болды. Алғашында белсендісі пассивті серігінің денесін, аяғын, қанатын түгел жалайды, содан соң оның жотасына шығып, кеміруге кіріседі. Арасында олар кідіріп, рөлін ауыстырып, екіншісінің де кеміруіне мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде әрбіреуінің қанатының шамамен 67%-ы желінген болатын. Көбінесе мұндай каннибализмді еркегі бастап беретіні белгілі болды. Қазіргі уақытта ғалымдар жәндіктердің мұндай әрекетке бару себебін білгісі келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, қанат – қоректік құндылығы жоқ дене мүшесі. Ал аты аталған жапон ғалымының топылауынша, мұндай каннибализм буынаяқтылардың бір-бірінен алысқа кетіп қалмасы үшін, дәлірегі, бір-біріне қарасуы үшін орын алады. Бір серігін тапқан мұндай жәндіктің бірі өлсе, екіншісі қайтып жұп құра алмайды. Бұдан бөлек, қанаттан құтылудың тағы бір артықшылығы – ағаш ішінде еркін қозғалуына, яғни, энергияны үнемдеуіне мүмкіндік береді. Ең бастысы, паразиттерді жұқтыру қатерін азайтады. Яғни, қанаты арқылы дертке шалдығу қаупі кемиді.

0 пікір
Мұрағат