Биологтер масаның кімдерді шақпайтынын анықтады
Биологтер масаның кімдерді шақпайтынын анықтады
4 жыл бұрын 8964 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Масалар өзіне қауіпті иісті жадысына сақтап, одан айналып өтетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Current Biology ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл тараптағы зерттеуі өз кезегінде аса қауіпті ауру тарататын масалармен күресте көмегін тигізеді. Вашингтон университетінің биологтері тәжірибе барысында масаларды түрлі иіс шығарған адамдар мен тышқандар тіні қойылған камераға қамайды. Жәндіктер адам мен тышқан тіндеріне қонғанда ғалымдар вибрация (діріл) көмегімен шағудан қорғайтын қорғануды моделдейді. Яғни, маса шаққан кезде дірілді қолдана отырып, қорғану реакциясын қолдан жасайды. Арада 24 сағат өткенде масаларды екі дәлізбен (біреуінде иісі жоқ ауа бар, екіншісінде тәжірибе кезіндегі иіс жайлаған) өзге кеңістікке шығарады. Масалар тәжірибе кезінде қолданылған тіндерде қолдан қорғану ұйымдастырылған, бұрынғы иіс жайлаған дәлізбен емес, тек ауа толы дәлізбен ұшып шыққан. Аталған зерттеу нәтижесінде айтылғандай, масаларға иісті жадысында сақтап қалуға дофамин (гормон) көмектеседі, ал генетикалық тұрғыдан түрлендірілгендерінде мұндай гормонды бөлу (яғни, істеп шығару) қиын, сол себепті, иісті ажырата алмайды. Ғалымдардығ пайымдауынша, өздерінің бұл зерттеуі медицина саласына пайдасын тигізуі мүмкін. Мәселен, гендік инженерия көмегімен дофаминді істеп шығару қызметін бұзу арқылы масаларды адамдардың иісін тани алмайтындай етуге болады. Осылайша масалардан төнетін жұқпалы аурулардың алдын алуға болады деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат