|
Адам жейтін акуланың рекордтық секірісі таспаға тартылып қалды (видео)
|
Оқиға Африка құрлығының оңтүстігінде орын тепкен Сил аралының жағалау маңында болған. Акула маманы Крис Фаллоус (Chris Fallows) үлкен ақ акуланың рекордтық секірісін таспаға тартып алыпты. Жемтігін тістеген акула судың беткі жағынан 4,5 метр биіктікке дейін секіре алған. Бұл орайы келген сәтті кадр үлкен акулаға арналған 20 жылдық хабарға арналған Air Jaws от Discovery мерейтойлық шағыралымында көрсетілді. Үлкен ақ акула немесе адам жегіш акула – әлемдегі аса ірі жыртқыш балық. Орташа есеппен алғанда олардың денесінің ұзындығы 4,8 метрге дейін жетеді. Адамға аса қауіпті жыртқыштардың бірінен саналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)