Зат алмасу жолдарын жабу арқылы қауіпті паразитті жоюдың тәсілі табылды
Зат алмасу жолдарын жабу арқылы қауіпті паразитті жоюдың тәсілі табылды
1 ай бұрын 477 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда eLife мерзімді басылымында жарияланған ғылыми мақалада зиянды паразит құрттарды жоюдың тың тәсілі баяндалапты. Бұл бағытта арнайы ізденген ғалымдар паразит құрттардың ішінде тіршілік ететін бактериялардың көмегімен жүзеге асатын зат алмасудың баламалы жолдарын жабу керектігін ұйғарып отыр. Ғалымдар негізінен дамушы елдерде адамдардың кемтар болуына себеп болып жататын Бругия малайа (Brugia Malayi) деп аталатын паразиттік құртқа қарсы күресте тиімділігі жоғары үші дәріні анықтады. Соңғы мәліметтерден белгілі болғандай, әлемде шамамен 40 млн адам B. Malayi құртынан пайда болатын лимфатикалық филяриатоздан зардап шегеді. Тағы бір млрд-тай адамның осынау кеселге шалдығу қатері жоғары болып шықты. Бүгінде аталмыш ауруды емдеуде қолданылып жүрген дәрі-дәрмектің тиімділігі төмен әрі оны 15 жыл қолдануға тура келеді. Пациент ауруынан айығу үшін. Оның өзінде құлан таза жазылып кетуі неғайбыл. Бұған қоса, науқастың организімі дәріні ұдайы қабылдайтындықтан бойындағы паразиттердің төзімділігі артып, емге бой бермей жатады. «Лимфатикалық филяриатоздың алдын алудың баламалы стратегияларының біріне филяриаттық құрттардың көбісінде кездесетін бактериялармен күресуге арналған дәстүрлі антибиотикті пайдалану жататын. Біз сөз етіп отырған Wolbachia тобына жататын бактерия әр құртқа тән десе де болады, олардың өсіп-өнуіне жағдай жасайды»,- деді Канаданың Торонто қаласындағы Балалар аурулары емханасының (SickKids) ғылыми қызметкері әрі аталмыш зерттеу жетекшілерінің бірі Дэвид Карран. Wolbachia бактериясымен антибиотик арқылы күресудің стратегиялық маңызы зор болса да бұл дәрімен ұзақ емдеу өз кезегінде бактериялардың төзімділігін арттырып, тиімділігін жоғалтады әрі аяғы ауыр әйелдер мен балаларға көп қолдануға келмейді. Теріс әсерін тигізетіні үшін. Осыған байланысты жатпай-тұрмай ізденген ғалымдар паразиттік құртқа да, олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ететін бактерияларға да бірдей әсерін тигізетін дәрілерде зерделеуге кіріскен еді. Паразиттік құрттың тіршілігін қамтамасыз ететін бактериялардың паразиттік құрттарға қатысты биологиялық негізгі процестерді идентификациялай отырып (яғни, сәйкестігін анықтай отырып) әсер ететін дәрі табуға саяды. Зерттеудің түпкі мақсаты осыған саяды. Осы мақсатта ғалымдар паразиттік құрт пен оның резидентті (төзімді) бактериялардың бойындағы зат алмасу (метаболизм) жолдарының моделін жасауға тура келді. Оның соңғы нұсқасы 1252 метоболиті және 625 генмен байланысты 1011 ферменті қатысқан 1266 метаболтиттік реакцияны қамтыған еді. Түрлі жағдайда қалай қоректенетінін білу үшін түрлі метаболиттік жолдарды, соның ішінде Wolbachia бактериясымен қамтамасыз ететін жолды да пайдалана отырып, құртты өмірлік кезеңдерінің түрлі сатыларына бейімдеп көрді. Осылайша оның маңызды метаболиттік реакциясын анықтаған соң оның белсенділігін арттыруға қатысы бар маңызды молекулаларды бұғаттайтын дәріні іздестірді. Әлбетте, барлық дәрілердің базасын пайдалана отырып. Олар үш дәріні іріктеп алды: фосмидомицин, антибиотик және безгекке қарсы әлеуеті зор дәріні; MDL-29951, эпилепсия мен сусамырға қарсы дәріні; В гепатитін және ВИЧ-ті емдеуде мақұлданған тенофовир. Бұл дәрілер бір паразиттік құрттағы Wolbachia бактериясының санын 53%, 24% және  30%-ға кемітті.                                                                                                                                           

0 пікір
Мұрағат