Ажалы жақындаған адам терісінің түсі қалай өзгеретіні айтылды
Ажалы жақындаған адам терісінің түсі қалай өзгеретіні айтылды
4 жыл бұрын 23441 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Анатолий Трифонов есімді ресейлік кардиолог дәрігер «Мәскеу ақшамы» ақпарат көзіне берген сұхбатында өмір мен өлімнің арасында, яғни, бейнелеп айтқанда, бір аяғы көрде, бір аяғы төрде тұрған адамның қандай белгілері болатынын тілге тиек етті. «Егер жүрек-қан тамырларының созылмалы кеселіне шалдыққандар туралы сөз болса, оның басты белгілері науқастың суішкілігі таусылуға 10-15 күн қалғанда пайда болады»,- деді ол. Тәжірибелі маманның айтуынша, науқас өзін нашар сезініп, ентігіп, алқына береді, сылбыр қозғалып, кенеттен келген үрейден қобалжиды, көз қарашығы ұлғайып, терісі бозарады. Сондай-ақ, терісінің түсі көгіс тартып, аяқ-қолы мұздай болып, ара-тұра қалтырайды. Аузынан көбік бөлінуі де мүмкін.

Қарай отырыңыз: «Науқастың жанарына қарап, қанша ғұмыры қалғанын анықтауы мүмкін» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/nauqastyn-janaryna-qarap-qansha-gumyry-qalganyn-anyqtauy-mumkin-13977/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат