4 аяқты жануарлар арасында ең аз өмір сүретін тіршілік иесі аталды (видео)
4 аяқты жануарлар арасында ең аз өмір сүретін тіршілік иесі аталды (видео)
2 ай бұрын 1556 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мадагаскардың батыс өңіріндегі орман-тоғайда ғана кездесетін Furcifer labordi түрінің хамелеондары  4 аяқты жануарлардың арасында ең аз өмір сүретін тіршілік иесі. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Инкубатордан кейін, яғни, жұмыртқа жаарғаннан соң тез өсіп, жыныстық жағынан жетіліп, өсіп-өнеді, сосын 4-5 ай ішінде өледі. Мұндай стратегия оларға өлкенің төтенше климаттық жағдайында тіршілік етуге мүмкіндік береді. Таң қаларлығы, бұл хамелеондар өмірінің көп бөлігін белсенді фазада емес, эмбриондар түрінде өткізеді. Олардың жұмыртқалары қолайлы жағдайды күтіп, 8-9 ай бойы ормандағы қалың жыныстың астында қалады. Содан кейін жауын-шашын маусымы орнағанда жұмыртқа жарып, тез жетіледі. Екі айдан соң олар ұрпақ өрбітуге дайын болады.

Жұптасу маусымы қаңтар айында өтеді. Шағылысу үшін ер жыныстылары айқасқа түседі, артынан жеңгені ұрғашысымен жұптасып, ол да өледі. Ал ұрғашысы бар күш-қуатын жұмыртқа салуға жұмсайды, әдетте 11 жұмыртқа салады. Содан соң бірнеше сағат ішінде әл-дәрмені қалмаған ұрғашысы да тіршілігін тоқтатады. Furcifer labordi популяциясының жылдың көп бөлігін жерастында өткізеді. Жұмыртқа күйінде немесе түрінде.

Ғалымдардың пайымдауынша, Furcifer labordi түрінің мұнша аз өмір сүруіне Мадагаскар аралындағы климаттық маусымның күрт ауысуына бейімделуі себеп болған. Бұл аймақта ылғалды әрі құрғақ ммаусымдар бірден әрі күрт ауысатынды: мол жауын-шашын маусымы қорек пен суды қамтамасыз етеді, ал құрғақшылық жайлайтын маусымда ресурс тапшылығы артады. Хамелеон эволюциясы осы өзгерістерге негізделген. Аталған жануардың мұндай өмір кезеңі өз кезегінде қысқа уақытқа созылатын жауын-шашынның игілігін барынша пайдалануды қамтып, құрғақшылық кезеңінде тапшы ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ересек ерлері жас ұрпақ пайда болмай жатып өлетіндіктен жас хамелеондар ересектер тарапынан қорек үшін бәсекелестіктен құтылады.

Өз тұқымдасынан басқа өкілдері сияқты Furcifer labordi терісінің түсін өзгертетін қабілетке ие. Бұл процесс жарықтың шағылысуын реттейтін нанокристаллдары бар арнайы жасушалардың арқасында орын алады. Алайда, мұндай түсін өзгерту қабілеті хамелеондардың жасырынуы немесе бүркемеленуі үшін ғана қызмет етпейді, ол, сондай-ақ, тұқымдастарымен қарым-қатынас жасау, көңіл күйін көрсету және шағылысу маусымында серігін тарту үшін пайдаланылады.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4