1 миллионнан 215 мың қалды: Киіктерді ату оқиғасы азаяр емес
1 миллионнан 215 мың қалды: Киіктерді ату оқиғасы азаяр емес
6 жыл бұрын 4138 Қымбат Елтайқызы

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов киік мүйізінің қанша тұратынын да айтты. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Орта Азия даласының жануарлары арасында қатты алаңдаушылық туғызатын басты мәселенің бірі – киік. Киіктің таралу аймағы мен ресурстарының 90 пайызы – Қазақстан аумағында. 20 ғасырдың 90-шы жылдарының соңында олардың саны бір миллионнан асып жығылатын. Ал 2003 жылы олардың саны 21 мың тұяққа дейін азайып кетті. Қазір олардың саны 215 мың дарақты құрайды. Бүгінгі таңда киіктерді сақтап қалу зор проблемаға айналды», - деді Рыскелдинов.

Оның айтуынша, браконьерлікпен күресте қолданылып жатқан шараларға қарамастан оларды ату оқиғасы азаяр емес. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ғана браконьерлер 429 киікті атқан, олардан 501 киік мүйізі алынған.

«Бейресми деректер бойынша, киіктер мекендейтін жерлерде бір келі мүйіздің құны шамамен 150 мың теңгені құрайды. Алматы қаласында олардың бағасы 400 мың теңгеге жетіп жығылса, Қытайда 4 мың долларға дейін шарықтайды. Қытай жағының деректері бойынша, дәстүрлі қытай медицинасы индустриясының киік мүйізіне деген жыл сайынғы қажеттілігі 8 тоннаға жуықтайды екен», - деді Қайыр Рыскелдинов.

Бұған дейін Рыскелдинов елімізде инспекторларды жарақаттау, өміріне қауіп төндіру фактілері жиі кездесетінін айтқан болатын.

Атап өтсек, Мәжілісте «Қазақстан Республикасында браконьерлікпен күресудің өзекті мәселелері мен заңнамалық қамтамасыз ету шаралары туралы» дөңгелек үстел өтті.

0 пікір
Мұрағат