Жаһандық жылынудан 2070 жылға қарай жердің биологиялық қабығы жойылып, шаң қаптайтын болады
Жаһандық жылынудан 2070 жылға қарай жердің биологиялық қабығы жойылып, шаң қаптайтын болады
3 жыл бұрын 1922 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудың қарқын алуына байланысты 2070 жылға қарай жердің биоқабығы жойылып, соның салдарынан атмосфераға бөлінетін шаң-тозаң қосымша 15%-ға артады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Geoscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар анықтағандай, бүгінгі таңда биоқабық атосфераға жыл сайын шамамен 700 тераграмм шаң-тозаң бөледі. Климат моделі көрсеткендей, жаһандық жылыну биожабындыны түбінде жойып тынады. Бұрынғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, атмосферадағы шаң-тозаң күн сәулесін сейілтіп, мұздақтар мен бұлттардың түзілуіне ықпалын тигізеді. Ол ол ма, шаң-тозаң қоректік заттарды шалғай қашықтыққа жеткізіп, экологиялық маңызды рөл атқарады, алайда, сонымен бірге, жұқпалы індетке душар ететін вирустар мен бактерияларды да тасымалдайды, осылайша инфекциялық аурулардың таралуына жол береді. Биологиялық топырақ қыртысы (биокоркс) құрғақ келеді, алайда, оны жердің құмды жерлерімен шатастырмау керек. Оның орнына топырақтың үстіңгі қабатында тамырсыз өсімдіктер, микробтар және қыналар қауымдастығы бар. Осылайша топырақтың шаң-тозаң түрінде атмосфераға таралуына жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат