Инженерлер тоқыма киім сияқты киюге болатын ұялы телефон антеннасын тоқыды (видео)
|
Инженерлер радио антеннасын өндіру технологиясын мата секілді тоқу арқылы жетілдірді. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Колумбия институтының ғалымдары кәдімгі тоқу технологоиясын пайдалана отырып, радиожиілік антенналарын жасау әдісін ұсынды. Жалпақ тоқу тәсілдерін пайдалана отырып, ғалымдар метасурфтар ендірілген мата жасады. Жол және шалғай өңірлерде байланыс үшін жарамды, бүктеуге және тасымалдауға болатын жеңіл және икемді антенна пайда болды. Әдеттегі немесе спутниктік және радиожиілік антенналары күрделі және қымбат өндірісті қажет ететін ауқымды, ауыр конструкциялар болғандықтан оны пайдалануда қолайсыздықтар туындайды. Иілгіш құрылғыларды жасау үшін инженерлер жаккард тоқу техникасын қолданды, ол свитерді тоқу кезінде қолданылады. Коммерциялық тұрғыдан арзанға түсетін металл және диэлектрлік жіптерді пайдалана отырып, ғалымдар мата жасау процесінде күрделі электрондық компоненттерді байланыстырды. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында ғалымдар екі прототип жасады: металды линза және құйын сәулесін генерациялау құрылғысы. Өлшемі шамамен бір шаршы метр болатын әрбір үлгі небәрі 45 минутта тоқылды. Сфынақ нәтижесі көрпсеткендей, мұндай антенналар радиотолқындарды фокустауға, толқын қарқынын түрлендіруге, сондай-ақ, қосымша ақпараттық арналарды алып жүруге қабілетті арнайы құйын сәулелерін жасауға мүмкіндік береді. Бірегей технология киімге немесе алып жүретін құрылғыларға кіріктірілуі мүмкін жеңіл және икемді антенналар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеушілер бұл шалғай аймақтардағы байланысты жолға қоятынын алға тартып отыр. Бұл құрылғылардың иірілген арзан жіптерді пайдалана отырып әрі өндірістің белгілі әдістерін қолдана отырып жасалғанын атап өткен жөн..