Инженерлер дәріні жалған нұсқасынан ажыратуға мүкіндік беретін тәтті «штрих-код» жасады
Инженерлер дәріні жалған нұсқасынан ажыратуға мүкіндік беретін тәтті «штрих-код» жасады
2 жыл бұрын 1154 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар контрафактілікпен күресу үшін қант пленкаларында флуоресцентті молекулаларды жасаудың арзан әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк қоғамының коллоидтар мен интерфейстер институтының зерттеушілері дәрі мен электрониканы жалған нұсқаларынан қорғаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Олар қант пленкаларында флуоресцентті молекулалардың кездейсоқ үлгілерін жасау үшін лазерді пайдаланады. Штрих-кодты әзірлеу барысында зерттеушілер қарапайым моносахаридтерден тұратын қанттың жұқа қабығын жағу үшін лазерді пайдаланады. Қысқа лазерлік импулс миллисекундтарда қантты карамелге айналдырады. Мұндай жағдайда түрлі түстерде флуоресцентті қосылыстар пайда болады. Бұл ретте нақты қандай заттардың жасалатынын болжау мүмкін емес. Көптеген параметрлерді, соның ішінде лазер әсерінің күші мен ұзақтығын бақылау және түрлі қоспаларды қолдану арқылы зерттеушілер оқытылған жасанды зерде көмегімен қажетті макроскопиялық үлгіні жасай алған екен. Сонымен бірге, нано- және микро-деңгейдегі үлгілер (жарық нүктелердің түрі мен орналасуы) бірегей болып келеді және оны болжау (ажырату) мүмкін емес. Дәрілік пакет немесе электрондық компонент тиісті макроскопиялық үлгімен қамтамасыз етілгеннен кейін микро бөлшектерді көрсететін флуоресценция үлгісінің жоғары ажыратымдылықтағы (ажыратып тану мүмкіндігі жоғары) фотосуретін дерекқорда сақтауға болады. Флуоресцентті сканерлеу арқылы сатушылар немесе дәріханалар өнімнің түпнұсқа екенін немесе жалған екенін тексере алады. Жалған және қауіпті дәрілердің таралуына қарсы тұру үшін QR кодтары көптеген елдерде дәрілік қаптамада берілген, алайда, олар тек шектеулі көшірмелерді қорғауды қамтамасыз етеді. Банкноталарда басылған флуоресцентті голограммалар сияқты күрделі қауіпсіздік мүмкіндіктері әдетте улы бейорганикалық заттардан тұрады. Ал жаңа технология денсаулыққа қауіпсіз.

Макроскопиялық үлгілер (жоғарғы қатар) және микродеңгейдегі күтпеген кескін комбинациялары. Кескін: Felix Löffler, Nature Nanotechnology
0 пікір
Мұрағат