Гендерлік теңдік толық орнайтын мерзім аталды
Гендерлік теңдік толық орнайтын мерзім аталды
1 жыл бұрын 1626 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Егер осы қарқынынан таймаса, ерлер мен әйелдер теңдігі 131 жылдан соң толық орнайды. Бұл жайында islam.kz порталы жыл сайын өтетін Бүкіл әлемдік экономикалық форум түзетін Global Gender Gap Report рейтингісінде келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш рейтинг 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. өтетін Бүкіл әлемдік экономикалық форум атап өткендей, жаһандық гендерлік айырмашылық индексі 0-ден 100 ұпайға дейінгі аралықта өлшенеді. Бұл ұпайларды паритетке дейін, жалпақ тілмен айтқанда, тараптардың толық теңдігіне дейін жүріп өткен қашықтық, яғни, гендерлік алшақтықтың жойылған пайызы ретінде түсіндіруге болады.Бұл тараптағы зерттеуден белгілі болғандай, бір жыл ішінде көрсеткіш небәрі 0,3 пайыздық тармаққа өсіп, қазіргі уақытта 68,4 пайызды құрап отыр. Осындай динамикадан бірқатар әлеуметтік, саяси және экономикалық параметрлерде толық гендерлік теңдікке қол жеткізудің ықтимал мерзімі туралы қорытынды жасалды. Белгияны қоспағанда әзірге ешбір ел 100 пайызға жеткен жоқ, бұл тараптағы үздік 10 елдің барлығы 80 пайыздық көрсеткішке жете алған екен. Рейтингте көш бастаған елдің позициясы 14 жыл бойы өзгерген емес - 91,2 пайыздық паритетті ұпаймен Исландия алда тұр. Екінші орында 2023 жылы Норвегия Финляндияны басып озды. Қалған ондыққа Жаңа Зеландия, Швеция, Германия, Никарагуа, Намибия және Литва кірді. 146 елдің көрсеткіштері ескерілген рейтингтің ең соңында ерлер мен әйелдердің теңдігі 40,5 пайызға бағаланған Ауғанстан тұр. Ал елімізге келсек, Қазақстан бұл тізімде өткен 2022 жылы 146 мемлекеттің арасында 65-ші орыннан көрінген еді.

0 пікір
Мұрағат