Ғалымдар саусақ ізінің сканерін силиконды саусақ көшірмесімен бұзды
|
Саусақ ізін, дауысты, көз қарашығын, т.б. биометрикалық мәліметтер кейінгі кезде осы заманғы тұрмыстық (үй кілтін ашу, т.б.) және гаджетті ашуды қолданылатын болып жүр. Дәлірегі, адам өз организімінің ерекшелігін мүлкін ұрылардан, сұғанақ көздерден қорғау үшін пайдаланудың сенімді тетігі ретінде қарастырады. Алайда, олар қаншалықты сенімді? Міне, сауалдың жауабын білу әрі тексеріп көру үшін ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізген екен. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесін Cisco Talos компаниясының мамандары аталмыш компанияның блогында жұртпен бөліскен екен. Олар қызметкерлердің саусақ іздерін үш түрлі тәсілмен алған екен. Бірінде нақты саусақ ізі алынған – қылмыстың құрбаны болған жағдайда ес-түссіз жатқан оның саусағының ізін қылмыскерлер оп-оңай пайдалана алады. Екіншісінде – саусақ ізін сакнерлеген. Ал үшінші нұсқасында саусақ ізін тұрмыстық заттар мен бұйымдардан көшіріп алған. Содан соң ғалымдар саусақ іздерінің алынған екі өлшемді бейнесін үш өлшемді түрге келтірген. Осыдан кейін оны пішіні құйылатын 3D-принтерінде басып шығарған әрі электр өткізетін қасиетін арттыру үшін алюмини ұнтағы немесе графит қосылған полимерден көшірмесін жасады. Ғалымдар бұл зерттеу мен тәжірибеге бар-жоғы екі мың доллар ғана жұмсаған – әдейі, яғни, мақсатты түрде шығын аз тәжірибені таңдап алған – ұрылар мен қылмыскерлер өзге біреудің мүлкі мен ақпараттық құпиясына оңай жолмен қол жеткізе ала ма, жоқ па, деген сауалдың жауабына қануғы үшін. Ғалымдар тәжірибе үшін iPad планшетін, саусақ ізімен ашылатын құлыпты және екі USB-флешкісін таңдап алды. Аталған құрылғылар сыйымдылығы көп, оптикалық және ультрдыбыстық түрлі датчиктермен жабдықталды. Нәтижесінде құрылғыларды ашу талпынысының 80%-да саусақ ізі көшірілген жасанды силикон саусақпен бұғаттаудан шығара алған.