Ғалымдар модулды ядролық реакторлардан ақау тапты
Ғалымдар модулды ядролық реакторлардан ақау тапты
2 жыл бұрын 1333 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бүгінгі таңда қолданысқа енгізіле бастаған модулдік ядролық реакторларды тиімділігіне қатысты зерттеу жүргізіп көрген екен. Ғалымдар бұл бағытта өндірістік қалдықтармен байланысты барлық көрсеткіштерді ескере отырып, модулдік ядролық реакторлар дәстүрлі реакторларға қарағанда нашар жұмыс істейді деген қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді асылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стэнфорд университетінің және Британдық Колумбия университетінің зерттеушілері шағын модулдік ядролық реакторлардың (MNR) үлкен ядролық реакторларға қарағанда өндірілген электр энергиясының бірлігіне шаққанда улы қалдықтарды көбірек шығара алатынын анықтады. Ғалымдар бұл тарапта NuScale Power (ұсақ, арзанырақ атом электр станцияларын жобалаумен айналысатын ұйым) ұсынған деректерді пайдаланды. Ғалымдар мұндай зауыттардың қанша улы қалдықтар шығаратынын көрсету үшін үлгілерді де пайдаланған екен. Зерттеушілер атап өткендей, SMR конструкциялары әдетте ірі зауыттарда қолданылатындарға қарағанда әртүрлі салқындату әдістерін пайдаланады. Судың орнына олар газды немесе балқытылған тұзды қолдануға шақырады. Десе де бұл өзгеріс қалдықтардың көбеюіне апарып соқтырады. MNR шығара алатын қалдықтардың мөлшері туралы көбірек білу үшін зерттеушілер NuScale Power-тен жалпыға ашық деректерді талдап, кейін үш түрлі дизайн қанша қалдық тудыруы мүмкін екенін көрсететін үш үлгіні жасады. Содан кейін олар алынған нәтижелерді кәдімгі атом электр стансасының деректерімен салыстырып көрген. MNR конструкциялары кәдімгі қондырғылармен салыстырғанда қысқа мерзімді төмен және орта деңгейлі қалдықтардың мөлшерін өндірілген энергия бірлігіне шаққанда 35 есеге дейін арттыра алатыны анықталды. Ғалымдар, сондай-ақ, мұндай құрылымдардың өндірілген энергия бірлігіне шаққанда 30 есе ұзақ «өмір сүретін» қалдықтарды шығаратынын анықтады.

Ұқсас материал:

"Жаһандық жылынудан атом электр стансаларының адамзатқа төндірер қауіп-қатері артады" (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudan-atom-elektr-stansalarynyn-adamzatqa-tondirer-qauip-qateri-artady-15594/#gsc.tab=0);

«Атом энергетикасы адамзатты климат өзгерісі қатерінен құтқара алмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-adamzatty-klimat-ozgerisi-qaterinen-qutqara-almaidy-12392/#gsc.tab=0);

"Газ бен атомды таза экологиялық энергия көздері ретінде мойындайтын болды" (https://islam.kz/kk/news/alem/gaz-ben-atomdy-taza-ekologiyalyq-energiya-kozderi-retinde-moiyndaityn-boldy-16185/#gsc.tab=0);

«Атом энергетикасы жасыл энергетика санатына жатқызылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-jasyl-energetika-sanatyna-jatqyzyluy-mumkin-15917/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат